Жарияланды: 26.09.2023

0

Қазақ халқының ұлттық нышанының бірі — зергерлік бұйымдар.  Қазақ халқының зергерлік өнері Қазақстанның Алтайдан Оралға және Сырдариядан Солтүстік орман далаларына дейінгі жерлерін мекендеген көшпелі халықтар мәдениетінің дәстүрі негізінде қалыптасты. Археологиялық қазбалар жүргізген кезде осы аталған аймақтардан алтын, күміс, қоладан жасалған, қымбат тастармен әшекейленген ескерткіштер табылған. Табылған заттар арқылы қазақтың зергерлік өнерімен салыстырып, түрлі-түсті асыл тастарды, алтынды пайдалану тәсілдерінің сол уақыттан бері келе жатқанын анықтаған.

Барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады.Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл ұлттық санадағы сұ­лулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергерлері әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бей­несін жасаған. Сөйтіп, ұрпақты тәр­биелеп, көркем дүниені меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген. Сондай атадан қалған игі істі жалғастырушы қолөнерші, зергер, қас шебер Амангелді ауданының тумасы, Мырзахметов Бейбіт ұстаның өз аузынан естиіік.

Зергерлік өнер – кәсіптік өнер. Бұл зергерлік бұйымдар адам тір­шілігінің қажеттілігін орындап қа­на қоймай, олардың өнер әлеміне деген көзқарасынан да хабар береді. Зергерлердің кәсіптік деңгейі ға­сырлар елегінен өтіп, бізге жетті. #гидҚазақстанға #гидпоКазахстану

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 9466
Пайдаланушылар – 3
Қонақтар – 9463
Барлық келушілер – 0