Жарияланды: 23.10.2020

0

«Мен өз туымды мақтан етемін» – осындай атаумен республика бойынша желілік акция өтуде. Ол осы тәуелсіздік символының мәртебесін арттыруға бағытталған.

«Біз мемлекеттік туды тек мемлекеттік мекемелерде орнату керек деп үйреніп қалдық. Осы акция арқылы біз қарапайым азаматтар оны пайдалана алатындығын көрсеткіміз келеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден Отанға деген сүйіспеншілік басталады. Ту – тәуелсіз жас мемлекетіміздің негіздерінің бірі», – дейді акция ұйымдастырушылары.

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері шетте қалмай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету үшін патриоттық акцияға қосылды. «Ту мемлекеттің басты рәміздерінің бірі болып табылады және халықтың егемендігі мен бірегейлігін бейнелейді. Қазақстан тәуелсіздігінің символына үлкен мақтанышпен қарау керек. Біз «Мен өз туымды мақтан етемін» акциясына қосылып, әріптестерімізді де өз патриотизмімізді көрсетуге шақырамыз!»,- деді музей басшысы Светлана Алексеевна Рудик.

#ментуымдымақтанетемін #ягоржусьсвоимфлагом

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 18582
Пайдаланушылар – 10
Қонақтар – 18572
Барлық келушілер – 0