26.04.2024 07:01

Жарияланды: 16.12.2018

0

Мұсаханов Торғай Есжанұлы 1940 жылы 13 қарашада Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Қоржынкөл мектебін бітіргеннен кейін Қостанай пединститутының физика-математика факультетіне оқуға түсті. 1960 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының бірінші курсына ауысып, 1965 жылы бітірді. Еңбек жолын Таран аудандық орталық ауруханасында бастады. 1965 жылдан дәрігер ординатор болып жұмыс істеді. Кейін емдеу бөлімі бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды. 1984 жылдан бастап Таран аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1975 жылдан хирург дәрігерінің жоғары біліктілік санатында болды. Оның еңбегін Республика Үкіметі ауданның денсаулық сақтау жүйесінде жоғары бағалады. 1976 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалімен, 1982 жылы КСРО-ның “Денсаулық сақтау үздігі” белгісімен марапатталған. ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі мінсіз, ерікті еңбегі, медицина қызметкерлерін даярлаудағы жетістіктері үшін 1994 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» марапатталды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 791
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 791
Барлық келушілер – 0