26.04.2024 06:14

Жарияланды: 14.12.2018

0

Мырзахметов Балғабай 1925 жылы 11 қазанда Қазіргі Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қарақалпақ ауылында дүниеге келген.

1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. III, одан кейін IV Украина майданында соғысқан, Румыния, Венгрия, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Кейіннен Кенигсбергті басып алуға, сондай-ақ Жапониямен соғысқа қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін Қиыр Шығыстағы Кеңес Армиясы қатарында қызметін жалғастырды. 1948 жылы әскерден қайтарылды.

1948 жылдың сәуір айынан бастап Тобыл станциясының дистанциялық жолдарын жөндеуші болып жұмысқа орналасты. Кейін бригадир болып тағайындалды. Өз учаскесінде жоғары жұмыс тиімділігі мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете отырып,”Барқыт” жолына қол жеткізді. Жұмыс істеген уақытында өзінің учаскесі бойынша 60 000 километрден астам жүріп өтті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен өндірістік жетістіктері, оныншы бесжылдық тапсырмаларын және социалистік міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындағаны үшін Балғабай Мырзахметовке Ленин ордені мен “Орақ пен Балға”алтын медалін тапсыра отырып, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1990 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бригадир болып жұмыс істеді. Туған ауылында тұрады. Зайыбымен бірге тоғыз бала тәрбиелеген.

2 Ленин орденімен (28.02.1974; 02.04.1981), 2-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Еңбек Қызыл Ту (04.08.1966) ордендерімен, медальдармен, соның ішінде “Будапештті басып алғаны үшін”, “Кенигсбергті басып алғаны үшін”, “Құрметті теміржолшы” белгісімен марапатталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 220
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 220
Барлық келушілер – 0