26.04.2024 22:10

Жарияланды: 16.12.2018

0

Мельников Владимир Афанасьевич 1937 жылы 5 қарашада Новосибирск облысы Чановский ауданы Васильевка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін “Ленин жолы” колхозында әртүрлі жұмысшы болып жұмыс істеді, кейіннен комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. Қостанай облысына 1959 жылы көшіп келген. “Красносельский” совхозында құрылысшы болып жұмыс істеді, тракторшылар курсынан кейін комбайнға ауысты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 1963 жылы маусымда “Тың жерлерді игергені үшін” медалімен марапатталды. 1966 жылдан 1974 жылға дейін жүгері өсірушілер трактор бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді. Осы кезеңде 1970 жылы “Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Социалистік жарысының үздігі”белгісімен белгіленді. 1972 жылы оның бригадасы әр гектардан 300 центнерден бұрын-соңды болмаған жүгері дақылдарын өсірді. Бұл өнімділік Қостанай облысы бойынша ең жоғары болды. ҚазКСР халық шаруашылығын дамытудағы жеткен жетістіктері үшін 1972 жылдың қарашасында КСРО ХШЖК қола медалімен марапатталады. 1972 жылы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. 1979 жылдың қаңтар айында “1978 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы” атанды. Владимир Афанасьевич 1986 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің қатысушысы.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 274
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 274
Барлық келушілер – 0