27.04.2024 10:43

Жарияланды: 16.12.2018

0

Қалиев Амангелді Жармағамбетұлы 1946 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы Таран ауданы Қоржынкөл ауылында дүниеге келген. Павлов орта мектебін бітіргеннен кейін Целиноград ауылшаруашылық институтында ғалым зоотехник мамандығы бойынша оқыды. Еңбек жолын 1969 жылы        “Вачасов атындағы” зоотехник-селекционер. Амангелді Жармағамбетұлы 25 жылдан астам ауыл шаруашылығында совхоз директоры және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сапасы жөніндегі бас мемлекеттік инспектор лауазымында еңбек етіп, бәріне сауатты қарап, мемлекеттік тапсырмаларды нақты орындады.

1997 жылдың қаңтар айынан бастап Увальное ауылында “МСС” ЖШС директоры қызметін жалғастыруда. А.Ж. Калиев шаруашылығы жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығы саласында өз қызметін үнемі дамытып келеді және Новоильинов ауылдық округінің аумағында жетекші шаруашылықтардың бірі болып табылады. МСС ЖШС директоры бола тұра ауылдық округті дамыту мәселесіне үлкен қызығушылық танытады, Увальное ауылының әлеуметтік саласын дамытуға барынша демеушілік көмек көрсетеді. Мемлекет алдындағы зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 112
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 112
Барлық келушілер – 0