06.05.2024 11:22

Жарияланды: 17.11.2020

0

Қартқожақов Тұрған 1925 жылы Таран ауданының Қара-Оба ауылында дүниеге келген. Таран ауылындағы мектептің 7 сыныбын бітіріп, колхозда біраз бақташы болып жұмыс істеді. Қостанай педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1941 жылы үздік бітірді. 1943 жылы әскер қатарына шақырылды. Тюменьде оқу бригадасында дайындықтан өтіп, сержант атағын алды. Кейін марш ротасына жіберілді. ІІ және ІІІ Украин майдандарының құрамында соғысып, Венгрия, Австрия, Чехословакияны азат етті. Жараланғаннан кейін әскери нысандарды күзетуге әрі қарай қызмет етуге жіберілді. 1949 жылы әскерден босатылды. 1950 жылы үйленіп, Щербиновка ауылына көшіп, жергілікті мектепте қазақ тілі мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1960 жылы отбасы жағдайына байланысты Тобыл кентіне көшіп, 4-ші автобазада диспетчер болып жұмысқа орналасты, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Марапаттары: І дәрежелі Отан соғысы ордені, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі, мерейтойлық медальдар. 1987 жылы қайтыс болды. Щербиновка ауылында жерленген.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 44
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 43
Барлық келушілер – 0