28.04.2024 10:26

Жарияланды: 03.11.2023

0

2 қараша күні С.Ерғалиев атындағы орта мектебінің 4-6 сынып оқушылары үшін Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Қасиетті Қазақстан: Отанымыздың киелі жерлері» атты бейнедәріс өткізді.Шара барысында оқушыларға «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі екендігі туралы толық түсінік берілді. Сондай-ақ мектеп оқушылары Қостанай облысында бүгінгі таңда облыстың киелі картасын құрайтын 39 киелі нысан, республикалық маңызы бар тізілімге енгізілген 34 киелі нысан және облыстық тізілімге енгізілген 24 киелі нысан бар екенін білді.Киелі орындарға Журавлевка ауылының маңында орналасқан Жабағы батырдың жерленген жері де кіреді. Балалар мекеме қызметкерлері дайындаған бейнероликті көру арқылы мекемеге онлайн режимде келе алды.Бейнедәріс соңында оқушылар музейге баруды асыға күтетіндіктерін және ауданның киелі мекеніне баруға қуанышты болатындарын атап өтті.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 284
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 284
Барлық келушілер – 0