Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 3 маусымда С.Ерғалиев атындағы ЖББМ оқушыларына «Елтаңба, әнұран, көк байрақ» атты патриоттық сағат өткізілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Одан әрі іс-шара барысында мұражай қызметкерлері патриотизм, елдің мемлекеттік рәміздерін білудің маңыздылығы және оның мемлекет тарихындағы маңызы туралы айтты. Сағат соңында «ҚР рәміздері бойынша Білім аукционы» викториналық ойыны өтті.
Leave a Reply