Ұлы ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында 2010 жылдың 12 наурызында Б. Майлин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларына “Әл Фараби және оның мұрасы” тақырыбында видеолекторий өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың туған елінің атақты жерлестеріне деген қызығушылығын дамыту және оқушыларды Аристотельден кейінгі екінші мұғалімнің еңбек жолы, өмірі туралы материалдармен таныстыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар әлемге әйгілі данагөймен танысып, ғалымның сан қырлы өмірі туралы білді, Б. Майлин атындағы музей қызметкерлері дайындаған презентацияның көмегімен оның өмірбаянынан қызықты деректерді мұқият зерделеді.
Бейне дәрістің соңында оқушылар ұлы ойшыл, шығыстанушы Әбу Насыр әл-Фарабидің жеке тұлға, философия және шығармашылық мұрасы туралы алған білімдерін бекіту үшін шағын викторинаға қатысты.
Leave a Reply