15 шілде күні Бейімбет Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Жасөспірім және есірткі» атты акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында бейәлеуметтік мінез-құлықтың, есірткі және психотроптық заттарды қолданудың, зиянды әдеттерге теріс көзқарастың алдын алу. Музей қызметкерлері адам ағзасына есірткінің зиянды әсері туралы әңгімеледі, сондай-ақ өтіп бара жатқан адамдарға нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер таратты және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Leave a Reply