Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Мұражайдың қазыналары
2015-02-16 14:41:00

 


Мұражайдың қорлары бұл көп мағынада қолданатын ұғым болып саналады. Мұражай көрермендері үшін бұл сиқырлы бөлме сияқты көрінеді. Ал мұражай қызметкерлері үшін бұл мақтан тұтатын заттарды сақтайтын қор болып саналады. Өйткені бұл қор мұражайдың негізі болып саналады. Мұражай қорларында жинақтар орналасқан.


Қай мұражай туралы айта кетсең, ол өзінің кордағы көне құндылықтарын мақтан тұтады. Өйткені бігінгі таңда Таран-тарихи өлкетану мұражайы қорында 4500 халқымыздың тарихынан сыр шерткен көне құндылықтары бар. Соның ішінде 3870 экспонат негізгі қордан және 630 экспонат қосымша бірліктері. Олар осы ғасырдың 90-шы жылдардан бастап жиналып келеді. Қазіргі таңда түрлі-түрлі жинақтардан тұрады. Жыл сайын мұражай қызметкерлері 300 бірлік – өлке тарихы жайлы фотоматериалдар, соғыс және еңбек ардагерлері жайлы құжаттар, сирек кездесетін тұрмыстық заттар, нумизматика мен грамтаспаларды,  археологиялық бағалы құндылықтарды жинайды. Мемлекет қазынасынан мұражай заттарына ақша бөлініп тұрады. Қордағы қосалқы заттар ауыстырылып экспозицияларға қойылады, олар мемлекеттік есепке тіркеледі. Уақыт өте келе тақырыптық мұражай экспозицияларында көрсетіледі. Мұражай сыртындағы көрмелерге шығарылады.

 


Мұражай қызметкерлері мұражайдағы заттарды есепке алып және сақтап, мұражайда сақталған құрылымдық жинақтардың санын есепке алып отырады. Мысалы, 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы нумизматика тиындары мен соғыс ардагерлері  марапаттарының ішінде ең сирек ұшырайтын құндылықтары болып,  гвардияның командир лейтенанты А.М. Азуркиннің 1944 жылы ақпан айында өзінің әскерін ұрыста қорғап қалған ерлігі үшін берілген–Александр Невскийдің Ордені болып саналады. Әскери міндетін орындау барысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін П.И.Безрукаға берілген, «Ерен ерлігі» польшаның кресті. Тиындар ішінде ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы сирек ұшырайтын құндылықтар бірегейі   болып саналады.


Әскери кезең құжаттары қатарына: Таран ауданында туылған Никита Александрович Транданың соғыс уақытында майдандағы 1941 жылы қайтыс болған сарбаздарға жазған хаттары бар. Сердюка Илья Васильевичтің ұшақтан жау тылына 30 секіру барысында жасаған құжаттары, суреттері, грамоталары, алғыс хаттары бар. 1945 жылы Москвадағы Қызыл алаңындағы Шеруге қатысқан.

 


Таран мұражайында жергілікті марка жинаушылар Т. Нурахметов, А. Шефнер, К. Аракелянның: спорт, саяси қайраткерлер, ғарыш, кескіндеме, жануарлар, құстар әлемі жайлы және тағы басқа тақырыпта жинаған пошталық маркалардың 600 данасы сақтаулы. 80-90 жылдарына жататын маркалар жинағы жинақтары құрайтын материалдар кеңес поштасының тарихын безендіреді. Өзінің сапалығымен шағын маркалар эстетикалық жағынан суретшіні қызықтыра түседі.


 


Қордағы сөреде үй тұрмысының заты –рубельді, оны бұрынғы заманда әйелдер үтіктеу үшін қолданған, қоныс аударушының темір үтігі, отбасы мүшелері жиналып шай ішкен самауыр ұлт мәдениетінің белгісі және халықтардың  дәстүрі болып саналады.  Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды.


 50-80 жылдардың киімдерінің жинағы 2003 жылдан бері жиналып келеді. Қазіргі таңда киімдердің көбісі мұражайға сыйға тартылған, негізінен оларды таран ауданының тұрындары Л. Коваленко, В. Енина, А. Жамангузова әкелді. Жинақ мерекелік және күнделікті тұрмыста киілетін әр түрлі халықтардың киімдері: күртешелер, белдемшелер, сарафандар және тыл кезеңіндегі жастардың шығыс киімдерінің ішінде жұқа жібек матасынан, крепдешиннен, сәтеннен, штапельден, жүннен тоқылған костюмдер, торғын шарфтар (жеңіл бас киімдер, орамалдар). Берілген жинаққа аяқ-киімдер:  Чехословакия өндірген туфли, жеңіл аяқ-киімдер бар. Сирек кездесетін бағалы құндылық болып өкшесі шығарылатын резеңке ботик және жұқа киізден жасалған әйел аяқ-киімі, 1956-1958 жылдарындағы аяқ-киімдер саналады.



Жиналған киімдер оның қожайынына сол кезедегі болған оқиға жайлы сыр шертіп оның бейнесін көрсетеді. Мұражай қызметкерлері сирек кездесетін бағалы құндылықтарды жинақтап жүр, бұған Таран ауданының жан-жақтағы тұрғындары тарихи-құндылығы бар бағалы құндылықтарды жинауға көмек көрсетіп тұрады. 


 


 


 


    _____________________________________________________________________________



Мұражай экспозициясында нағыз қазына бар! Ол өте сирек экспонат, «Қызыл көмей қарашоқаздың» муляжы. Мөлшері жағынан шағын, қысқа тұмсықты және қауырсыны ашық түсті, тығыз көкіректі шомбал басты  қаз. Халықаралық қызыл кітапта қызыл көмей қарашоқаз жоғалып кету қаупі төніп тұрған құстардың қатарында. 2011 жылы бұл экспонатты Таран тарихи-өлкетану мұражайына Таран селосының тұрғыны сыйға тартты.

 

 

 

 

 



Жаңа экспонат келушілерді қуантуда! Қобыз – көне қыл керілген шыбықты музыкалық, ішекті аспап. Қобыз туралы мәлімет 8-9 ғғ. белгілі. Алмұрт тәрізді жеке бөліктерден құралған. Төменгі жағы терімен қапталған. Жоғарғы бөлігінде қазақ ұлттық ою түрінде ойығы бар. Аспап мойны қысқа, дөңгелетілген  басты. Басында төрт ішекті бабына келтіру үшін төрт тұтқасы  орналасқан. Ішектері металлдан жасалған. Қара пластмасс бөлшекке бекітіледі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

«Киіз үй» экспозициясында ағаштан жасалған қымыз үшін кеселер мен тегене бар. Тегене кең пішінді, ішіне металл ыдыс орнатылып қойылған. Тегене сырты ұлттық оюлармен ойылып салынған. Екі жағындағы тұтқасы да ойылып салынған оюлармен әшекейленген. Ою түсі тостағаннан сәл қаралау келген. Тегене қақпағы да сәл қаралау келген оюлармен әшекейленген. Қақпақ ортасында жонылған дөңгелек тұтқа орналасқан. Қақпақтың бір шетінде ожау үшін ойығы бар.

 

 



Таран тарихи-өлкетану мұражайында бірегей экспонат - теркеш бар. Теркеш – қолдан жасалған, жалғыз нұсқадағы  кесе үшін қап. Оны 2003 жылы ауылдың 100 жылдығына сыйға тартылды. Осындай сыйлықты аудандық және облыстық басқарушылар сыйға тарты.

 

 

 

 

 

 



1992-1993 ж.ж. Таран тарихи-өлкетану мұражайында жұмыс тәжірибесін өткен Уваркин Михаил өз дипломдық  жұмысын – ағаштан жасалған ожауын мұражайға естелікке қалдырды. Қымыз үшін ожауды екі қос бұрым етіп өрілген қыздың басына ұқсастырып өз қолымен жасады.


 

 

 

 

 

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"