Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай туралы / Мұражай тарихы
2015-02-16 12:25:00

 

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» КММ

 

            «Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік мекемесі аудандық мәдениет бөлімінің 1990 жылғы 26 желтоқсан айынан «Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайын ашу туралы» № 190 бұйрығымен құрылды.

 

            Мұражай құрылысы 1987 жылы басталды. Оның бастамашысы біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Иванович Дьячков болды.  Сол жылдары ол Рудный қалалық мұражайын басқарды. Иван Иванович аудандық басшыларына  мұражай құру туралы өтініш білдірді, өйткені аудан бай және қызықты материалымен және өлке тарихымызбен тығыз байланысты көптеген атақты адамдардың аттарымен даңқты.

 

            Сонымен қатар мұражай құрылысына Т.И. Соловьева – бірінші мұражай директоры, Н.В. Стешин – аудком партиясының бірінші хатшысы, Т.Е. Нұрахметов – аудком партиясының хатшысы, Г.А. Нұржанова – аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, және де совхоздар мен аудан ұйымдары үлкен үлес қосты.

 

            Мұражай бірінші келушілерін 1991 жылы 18 мамыр күні қабылдады, директоры болып Тамара Ивановна Соловьева тағайындалды, ал бірінші қызметкерлері болып: Л.В. Дьякова, Ж.С. Жандыров, Б.А. Сулькеева, В.П. Вирц және көркемдеуші суретшілер Д.Ж. Исетов және В.Н. Руднев

 

            Мұражай экспозициясын көркемдеуде орасан зор көмек Рудный қалалық мұражай қызметкерлері, облыстық тарихи-өлкетану, Лисаковск мұражайлары, облыстық мұрағат, сонымен қатар мұражай жәдігерлерін жинастыруда Таран ауданының тұрғындары мен мектеп оқушыларымен  көмек көрсетілді.

 

            23 жылдардың арасында мұражаймен бес мыңнан астам экспонат жиналды, сонымен қатар тоғыз мыңнан астам тас дәуірінің заттары бар археологиялық коллекциясы сақтаулы. Мұражай қорында өлкеміздің тарихы туралы мәліметтерге, селолық округтар туралы мағлұматтарға, соғысқа қатысушылардың, байырғы тұрғындардың  естеліктеріне көңіл аударылған.

 

            Қазіргі уақытта мұражайдың жаңа құрамы С.А. Рудик, Т.Г. Коршун, А.Б.Жуламанова, В.Н. Тырышкина, А.Б.Бимурзина, Н.П. Назаренко жұмыс істеуде, өз қызметтерінде олар зерттеу жұмыстарын, көпшілік, жинақтау және көрмелік жұмыс жүргізеді. Ауданның атақты адамдар: Ұлы Отан соғысы ардагерлердің, алғаш тың игерушілердің, ақындардың, суретшілердің, ауған-жауынгерлердің және әскерде әскери борыштарын орындау кезінде қаза тапқан солдаттардың, ауыл шаруашылық озаттардың және ауданның көптеген басқа танымал тұлғалардың өмірі мен қызметтері туралы құжаттар зерттелуде.

 

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"