30.04.2024 22:39

Жарияланды: 16.12.2018

0

Маевский Петр Эрвинович 1929 жылы 30 Маусымда Қостанай облысы Таран ауданы Увальное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының басталуымен Киров атындағы колхозда басталды. 1964 жылы Қостанай автожол техникумын бітіргеннен кейін автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану жөніндегі техник-механик мамандығын алды. 1965 жылдан бастап аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1967 жылы “Викторовский” совхозының партия комитетінің хатшысы болды. 1968 жылдан 1973 жылға дейін КОКП ОК жанындағы сырттай жоғары партия мектебінің толық курсын бітірді. 1977 жылдан Таран аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. Кейін Таран аудандық ардагерлер кеңесін басқарды. Бірінші марапатты-“Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін” – Петр Эрвинович 1947 жылдың қаңтарында алды. Оның еңбек қызметі үкіметтік наградалармен жоғары бағаланды: 1971 және 1977 жылдардағы “Құрмет белгісі” екі орденімен, “Халықтар Достығы” орденімен, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін”, “ұзақ жылғы адал еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медальдарымен, мерейтойлық медальдармен.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 67
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 67
Барлық келушілер – 0