Қарттар күні – бүкіл әлемде 1 қазанда атап өтілетін Халықаралық мереке. Бұл күні барлығы қарттарды құттықтап, оларға көңіл бөліп, бай өмір тәжірибесіне, таным даналығына құрмет көрсетеді. Халықаралық қарттар күнінде музей ұжымы “мейірімділік пен құрмет күні” акциясын ұйымдастырды, оның аясында өздерінің еңбек ардагерлері В. Н.Тырышкина мен С. Б. Досмұхамбетовті құттықтап, оларға шын жүректен зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілей отырып, естелік сыйлықтар табыс етті. Көп жылдық адал еңбегіңіз, тәжірибеңіз, мейірімділігіңіз бен даналығыңыз үшін рахмет. Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, амандық пен оптимизм тілеймін. Туыстарыңыз бен жақындарыңыздың сезімтал және ұқыпты қарым-қатынасы сізді өмір жолында жылытсын!
Leave a Reply