Жарияланды: 14.08.2026

0

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Жарықпен жаңғыру» атты картиналар көрмесі ұсынылды.

Андрей Арискин 1963 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, Рудный қаласында тұрады және жұмыс істейді. 1989 жылы Н. С. Самокиш атындағы Қырым көркемсурет училищесін «суретші-безендіруші» мамандығы бойынша бітірген. Суретшінің 30 жылдан астам кәсіби қызметі өзіндік ерекшелігімен әрі мәнерлілігімен танымал шығармашылық және дизайнерлік жұмыстарды жасаумен тығыз байланысты. Андрей Арискин — әртүрлі деңгейдегі көркемсурет көрмелерінің тұрақты қатысушысы.

Көрмеде флуоресцентті бояуларды пайдалана отырып, акрил техникасында орындалған 12 туынды ұсынылған. Жұмыстардың ерекшелігі — жарықтандыру өзгерген кезде картиналар көпқабаттылық пен қозғалыс әсерін тудыра отырып, жаңаша қырынан ашылады.

Анық сызықтардың, жұмсақ түс өтулерінің және флуоресцентті қабаттың үйлесімі ультракүлгін жарық астында көрінетін қосымша бөлшектерді байқауға мүмкіндік береді. Осының арқасында әрбір жұмыс ерекше мазмұнға ие болып, көрерменге оған басқа қырынан қарауды ұсынады.

«Жарықпен жаңғыру» көрмесі 2026 жылдың 28 тамызына дейін жалғасады.

Поделиться материалом