Ағымдағы жылдың 13 тамызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Теміржолшылар күніне орай «Өткенге жол» атты шеберлік сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар теміржол мен алғашқы пойыздардың пайда болу тарихымен танысып, алғашқы паровоздардың ерекшеліктері және теміржол көлігінің қоғам өміріндегі маңызы туралы білді. Оқушылар танымдық әңгімеге қатысып, пойызбен саяхаттаудан алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-тәжірибелік бөлім түсті қағаздан мозаика жасауға арналды. Балалар қағаздың кішкентай бөліктерінен қиялын, ұқыптылығы мен шығармашылық қабілетін көрсете отырып, паровоз бейнесін жасап шығарды.
Шеберлік сыныбы танымдық ақпарат пен шығармашылық жұмыстың қызықты үйлесіміне айналып, балаларға теміржол көлігінің тарихы туралы көбірек білуге және өз қолдарымен тақырыптық бұйымдар жасауға мүмкіндік берді.