Ағымдағы жылдың 6 тамызында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Толеранттылық күніне орай «Менің көпұлтты елім!» атты музей сабағы өткізілді.
Музей сабағы барысында балалар Халықаралық толеранттылық күнінің бекітілу тарихымен танысып, «толеранттылық» ұғымының нені білдіретінін білді. Айналадағы адамдарға құрмет көрсетуге, өзгелердің пікірін тыңдай білуге, түсінуге және қабылдауға ерекше назар аударылды. Кездесудің жалғасы ретінде ұсынылған «Екі есік» мысал-әңгімесі балаларға мейірімділік, төзімділік пен өзара түсіністік туралы ой толғауға көмектесті. Содан кейін қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, өз өмірлерінен мысалдар келтіре отырып, талқылауға белсене қатысты. Әңгімелесу соңында балалар бір-біріне деген құрметті қарым-қатынас достықты, бейбітшілік пен келісімді сақтауға көмектеседі деген қорытындыға келді.
Музей сабағы балалардың бойында адамгершілік құндылықтар мен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар ұлтына, дәстүрлеріне және көзқарастарына қарамастан, адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын ұғынды.