30 шілде мен 1 тамыз аралығында Қостанай ауданының Осиновка ауылында Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Қостанай дала фестивалі» агрофестивалі өтті. Шара аясында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі Бейімбет Майлин ауданының көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне арналған жылжымалы көрмені ұсынды. Шара барысында музей экскурсоводы өңіріміздің туристік бағыты туралы да айтып берді.
Көрме фестиваль қонақтарының зор қызығушылығын тудырып, өңірдің тарихы мен мәдениетін дәріптеуге ықпал етті.