Жарияланды: 30.07.2026

0

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі «Мемлекеттік рәміздер — ұлт нышаны» атты фотодеректі көрме ұйымдастырды.

Мемлекеттік рәміздер — кез келген тәуелсіз мемлекеттің суверенитетін, бірлігін және ұлттық бірегейлігін айшықтайтын қасиетті белгілері. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны — халықтың тарихының, мәдениетінің және рухани құндылықтарының бейнесі. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасы, ал 2006 жылғы 6 қаңтарда заманауи Мемлекеттік Әнұраны бекітілді. Жыл сайын 4 маусымда елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні атап өтіледі.

Көрмеде келушілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тарихымен, олардың ел тәуелсіздігін нығайтудағы, сондай-ақ патриотизмді, тарихқа және ұлттық құндылықтарға деген құрметті тәрбиелеудегі маңызымен таныстыратын фотодеректі материалдар ұсынылған.

Поделиться материалом