Жарияланды: 28.07.2026

0

Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінде тарихи-мәдени мұра объектілеріндегі еріктілік қызметті дәріптеуге арналған «Мұраны бірге сақтаймыз» атты жастарға арналған танымдық экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында қатысушылар тарихи-мәдени мұра ұғымымен танысып, тарих мен мәдениет ескерткіштерін, музей жәдігерлері мен тарихи орындарды сақтаудың маңызы туралы білді. Жастарға тарихи-мәдени мұра объектілерін абаттандыру мен сақтаудағы, қоғамдық бастамалар мен еріктілер акцияларына қатысудағы волонтерлердің рөлі туралы айтылды.

Экскурсия жастардың бойында тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және туған өлке тарихы мен мәдениетін сақтаудағы еріктілік қызметтің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.

Поделиться материалом