2026 жылдың 27 шілдесі мен 28 тамызы аралығында Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің көрме залында белгілі суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арыскиннің «Нұрмен түрлену» атты жеке көрмесі өтеді. Көрмеге суретшінің флуоресцентті бояуларды қолдана отырып, акрилді кескіндеменің авторлық техникасында салған 12 жұмысы қойылған.
Андрей Арискин — Қырымдағы Н. С. Самокиш атындағы көркемсурет училищесінің түлегі, қазіргі уақытта Рудный қаласында тұрады. Ол — облыстық, өлкелік және қалалық көрмелердің қатысушысы, бес жеке көрменің авторы. Андрей Арискиннің туындылары қайталанбас түстік гаммасымен, композицияларының жарқын энергетикасымен және үйлесімділікке ұмтылысымен ерекшеленеді. Мұның бәрі автордың «Араб түні», «Толқын соғуы», «Ақ ат», «Судағы би» және басқа да картиналарында көрініс тапқан.
Жарық өнердің бір бөлігіне айналып, әр туындының жаңа қырларын ашатын әлемге сүңгіңіз!
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Сіздерді күтеміз!