10 маусымында тарихи–өлкетану музейінің қабырғасында Мәдениет саласының қызметкерлері үшін ” Отанымыздың қасиетті орындары: Қазақстанның киелі жерлерін сақтау және дәріптеу “тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараға мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен жұртшылық өкілдері қатысты. Алаң жұмысы барысында тарихи–мәдени мұраны сақтау, Қазақстанның киелі жерлерін жастар арасында дәріптеу, сондай-ақ маңызды рухани нысандарға жұртшылықтың назарын аудару мәселелері талқыланды. Патриотизмді тәрбиелеудегі, рухани–адамгершілік құндылықтар мен ұлттық сананы қалыптастырудағы қасиетті орындардың рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар Қазақстанның киелі орындар картасына енгізілген объектілерді зерделеу және ілгерілету бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша отанымыздың рухани храмдарына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында мұражайлар, білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша ұсынымдар әзірленді.