4 маусымда балалар сауықтыру алаңының балалары үшін “Қазақстанның мақтанышы-біздің рәміздер” атты танымдық сағат ұйымдастырылды, музей қызметкерлері ҚР Әнұранын орындаумен мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы әңгіме ұсынды.
Бұл іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақ пен жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, адамгершілік бағдарлар жүйесін қалыптастыру, көпұлтты қоғам ортасында бірлік, бейбітшілік пен өзара түсіністік рухын нығайту. Мемлекеттік белгілердің символикасы әрбір азаматтың жүрегінде өз елі мен халқына деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті растайтын құндылықтарды жариялайды.
Іс-шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздерді білуге арналған викторина-ойын өткізілді.