Жарияланды: 03.03.2025

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай мәдениет үйінің фойесінде тарихиөлкетану музейі қызметкерлері Бірлік болашақтың кепіліатты тақырыптық көрме дайындады.
Көрмеқонақтарды Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени мұрасымен таныстырды. Дәстүрлі тұрмыстық заттар, сәндікқолданбалы өнер, сондай-ақ түрлі этностардың музыкалық аспаптары ұсынылды. Әр экспонат ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ерекше дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы баяндады.
Көрме халықтар арасындағы достық пен келісімнің символына айналды. Келушілер бірегей заттарды көріп қана қоймай, әртүрлі халықтардың мәдениеті туралы көбірек біле алды, бұл Қазақстанның көпұлтты мұрасын құрметтеу, бірлік пен сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды.

Поделиться материалом