Жарияланды: 14.03.2024

0

Ағымдағы жылдан бастап Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізіледі – оны 14-23 наурыздан бастап тойлай бастайды және бұл кезең «Наурызнама» деп аталады. «Наурызнама» онкүндігі «Көрісу күні» мерекесінен басталады. «Көрісу күні» – «Куә болу» немесе «кездесу» дегенді білдіреді. Бұл күні бір-біріне қонаққа бару және көктемнің келуімен құттықтау мерекенің негізгі  мақсаты болып табылады. Амал мерекесі (көрісу күні) басты талабы – үлкендерге құрмет көрсету, кішілерге қамқорлық жасау, әлсіздерге қолдау көрсету, кедейлерге көмек көрсету. Бұл күні кішілері үлкендермен амандасады, қол алысып, құшақтасады. Ақсақалдар жастарға батасын береді. Бұл күні бұрынғы реніштер кешіріледі, араздық ұмытылады. Бұл сәлемдесу күні – бауырластық, қарапайымдылық, қайырымдылық мерекесі. Мерекеге алғаш рет 2019 жылы ресми мәртебе беруді Сенат депутаты Сәрсенбай Еркегенов ұсынды. Осыған байланысты осы күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі РММ қызметкерлері үшін Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылының 16 өрт сөндіру бөлімі «Қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды, онда қонақтар өлкенің ежелгі өткенімен, қазақ халқының атақты тұлғаларымен және дәстүрлерімен танысты, сондай-ақ олар ұлттық тәттілерден дәм тата алды және де «Көрісу күнімен» құттықтап, алғыстарын білдірді.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 24409
Пайдаланушылар – 2
Қонақтар – 24407
Барлық келушілер – 0