28.03.2024 20:36

Жарияланды: 26.10.2020

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында біздің алдымызға қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жаңа ауқымды міндеттерді қойды. Мемлекеттің ұлттық стратегиясының бөлігі ретінде, патриоттық басты негіз болып табылатын, жеке ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау    оның басты шарттарының бірі. Қазақстанның Президенті «Туған жер» бағдарламасын енгізуге ұсыныс жасады, оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
«Туған жер» бағдарламасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және ол Отанға оңтайлы және эмоционалды қатынасты біріктіруге шақырады. Бағдарламаның негізінде өз өлкесіне,  тарихына, мәдениетіне, дәстүрлері мен тұрмысына деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен адалдық және Отан алдындағы адамгершілік парыз арқылы көрінетін шынайы патриотизм сезіміне тәрбиелеу бар.

Бағдарламаның басты үш бағыты:
Біріншісі: білім беру, экология және абаттандыру салаларындағы өлкетану жұмысы,  мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті жерлердегі объектілерді өңірлік тарихи қалпына келтіруді зерделеу.
Екіншісі: инфрақұрылымдық қолдау, еліміздің басқа өлкелеріне көшкен табысты өкілдерге жәрдемдесу (кәсіпкерлер, шенеуніктер, интеллигенция, жастар).
Үшіншісі: қолдаудың оңтайлы формаларын іздеу, әлеуметтік құрмет пен демеушілік көмек механизмдерін іздеу бойынша жергілікті биліктің ұйымдасқан жұмысы.
«Туған жер» бағдарламасы төрт ішкі бағдаарлмадан тұрады:
1. «Тәрбие және білім» –жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қазақстандық патриоттық рухында тәрбиелеу;
2 .«Атамекен» – қазақстандықтардың шағын отан тағдыры үшін азаматтық белсенділік пен жауапкершілік сезімін нығайту ;
3. «Рухани Қазына» – туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлеріне қызығушылық пен құрметті жаңарту.
4. «Ақпарат толқыны» – Бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың жүзеге асырылатын жобалардың қоғамдық мониторингіне қатыса алуы үшін ақпараттық инфрақұрылымды жасау.
Осы бағдарламаның аясында Нұра ОКЖ кітапханалары жоспар бойынша рухани байлықты сақтау және арттыруға бағытталған өлкетанулық жұмысты ұйымдастырды.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 919
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 919
Барлық келушілер – 0