Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай туралы / Есеп 2011
2016-06-24 11:44:00

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану

мұражайы» ММ 2011 жылғы жұмыс есебі.

 

            «Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» ММ арнайы мәдени мекеме орталығы бола отырып өз жұмсында жәдігерлерді сақтау, мәдени ескерткіштерді анықтаумен қатар, патриоттық құрмет пен өз еліне деген махаббат сезімін оятатын шағын ел болып табылады.

 

 

            Мұражай мұражайлық жәдігерлерді және коллекцияларды жинақтау, сақтау, есептеу, және популяризациялау жұмысын, тарихи және мәдени облысында зерттеу жұмысын; экспозииялық-көрмелік қызметті; келушілерге экскурсиялық, дәрістік, жергілікті тұрғындар арасында көпшілік жұмыс, өлкетану оқуларын жүргізеді, облстық семинарларға қатысады.

            Мұражай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Таран ауданының 75 жылдығына бағытталған шығармашылық жоспар бойынша жұмыс атқарды. Оған еліміздің, облысымыздың және ауданымыздың ең басты оқиғалары бейнеленген.

            Барлық мұражай қызметі стационарлық экспозициялардың негізінде 9 тематикалық, көрме залы және мұражай қор коллекциясынан  құрылады.

 

              Қор және жинақтау жұмысы

 

            Жыл бойы мұражай қорын жинақтау және толықтыру жұмыстары, мұражай экспонаттарын тиімді сақтау жүйесін құру бойынша бірқатар іс шаралар жүргізілді: барлық мұражай жәдігерлеріне активтендіру өткізілді,  таңбалау, 280 бірлік ғылыми-анықтамалық карточкалары тізімге алынды. Құжаттар мен жәдігердерді қор жинағына құжаттандыру мақсатында негізі қорға 253 бірлікті материал өңделді, соның ішінде 13 жәдігер сатылынып алынды және ғлыми-қосалқы қор 27 бірлікке жетті. Қор келесі коллекциялары бойынша жинақталды:

-          ХХ ғ. өлке халықтарының тарихи-тұрмыстық заттары.

-          Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары мен материалдары.

-          аудан тарихы бойынша фотоматериалдар.

-          70-80 ж.ж. грампластинкалары.

Мұражай қоры аудан тарихы туралы фотоматериалдармен, репрессия құрбандары Ульянова М.К., Дмитриенко В.А. фото суреттері және Ұлы Отан соғысы ардагерлері Коваленко И.П., Аксененко В.А., Пипчук В.И., Маевский П.Э. фото суреттерімен толықтырылды. Купцова Е.П. – мұражайға кеңес уақытындағы пионерлік атрибутикасын, Коваленко Л.В. – 70-80 ж.ж «Для Вас женщины» сериялы грампластинкалар коллекциясын  сыйға тапсырды. Сонымен қатар мұражайдың заттық қоры өлке халықтарының тұрмыстық заттарымен (киімдермен және аспаптармен) толықтырылды.

Сатылым комиссиясымен мұражай заттары анықталып, 160 мың сом теңгеге мұражай жәдігерлері сатылып алынды. Бұл қазақ ыдыс аяғы: тегеш, кеселер, ағаштан жасалған қымыз үшін ожау, қоржын, кимешек, қобыз, дастарқан, ағаш кеселер жинағы.

 

Ғылыми-зерттемелі жұмыс

 

Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражай қызметкерлерімен саяси репрессия және зорлық депортация тақырыбы бойынша материал жинақтау жұмысы жүргізілді. Саяси репрессия құрбандары болған ауыл тұрғындарының үйлеріне кіріп шығулар ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыс барысында естеліктер жазылып қалдырылды, репрессияға ұшыраған адамдардың фотоматериалдары жиналды. Сонымен қатар барлық уақыт бойы ауданымыздың 75 жылдығына орай аудан тарихы туралы фотоматериалдар мен құжаттарды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Украин, орыс және татар халықтарының салт-дәстүрлері туралы материалдар жинау жұмысы кезінде Красносельский, Шербиновка селоларына шығулар ұйымдастрылды. Жұмыс барысында жергілікті тұрғындардың өміріндегі күнделікті қолданылып жүрген тұрмыс заттары, құжаттары мен ауыл шаруашылық және соиалистік еңбек ардагерлерінің фото суреттері анықталды.

 

Экспозициялық-көрмелік жұмыс

 

Мұражай көрмелік  жұмыс жүргізеді, көрмелер қор коллекцияларының негізінде әртүрлі этнографиялық, тарихи және басқа да тематикалық бағыттағы көрмелерді дайындайды. Сонымен қатар біздің көрмелік қызметіміз келушілерді көбірек тартуға бағытталған. Осылайша 2011 жылдың ішінде келесі көрмелер ұйымдастырылды.

Мерекелік мейрамдарда ауданның Мәдениет үйінде Қазақстан Респбликасы Тәуелсіздігінің 20 жлдығына орай «Қазақстан – тәуелсіздік пен бостандық елі» атты фотоқұжаттық көрме ұсынылған. Көрме мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы дамуы және қалыптасуы туралы айқындайды.

Қазақстандағы қысқы азия ойындарына арнап «Азиада - 2011» слайдты көрме мектеп оқушыларына жүргізілді. Мұражай келушілеріне «Азиада - 2011» фотоқұжаттық көрмесі ұйымдастырылды, онда Қазақстан Республикасында жүргізілген азия ойындарының ашылуы және өткізілуі туралы мәліметтер ұсынылды. Халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне «Портреттегі әйел бейнесі» фотокөрмесі ұсынылған, көрмеге мұражай қорындағы  әр уақыт аралығында және әр түрлі салада түскен әйел образдары бейнеленген, және де әйел қолымен жасалған шілтер, орамалдар көрермен назарына ұсынылған.

«Наурыз-Мейрамы» мерекесін тойлау күні селоның орталық алаңында киіз үй ішінде киіз үй жабдықтарына көрме ұйымдастырылған. ХХ ғ. басында қазақ халқының тұрмыста қолданылып жүрген заттармен село тұрғындары мен қонақтар сүйсініп танысты. Сонымен қатар келушілер ұнаған заттармен фотоға түсті (бесік алдында, дастарқан басында, ұлттық киімді бойға шақтап көре алды).

Бірінші тоқсан бойы аданның 75 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрмеге фотоколлаж құрастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Сәуір айында «Ғажайып және әсем табиғат әлемі – Сақта оны!» атты фотоқұжаттық көрме жасалды, оған Таран ауданының ғажайып және әсем, көркем жерлері бейнеленген 45 түрлі түсті фотосреттері ұсынылған.

25-ші аудандық көркем өнерпаздар байқауы күні село алаңында мұражай қорынан «Өткен ғасыр заттары» көрмесі ұсынылды. Әсіресе, көрмедегі заттардың ішінен мұражай көрмесінде қойылмаған жәдігерлер көрмеге қойылып көрсетілді.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Бірлік достастығымызбен мықтымыз» фотоқұжаттық көрмесі дайындалды, онда елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар туралы, олардың елдік қасиеттері мен дәстүрлері туралы айтылды.

Жеңіс күніне және Отанды қорғау күніне орай «Славим тех, кто одержал Победу» кездесу кешіне арнап оқушылар назарына мерзiмдi қызмет жауынгері Б.Бұрбаевтың фотоматериалдары бойынша виртуалды көрме жасалды. Мұражай қызметкерінің сұхбаты мен Президенттік Гвардиясы туралы ұсынылған слайдтары арқылы балалар әскери қызметпен танысты.

Ю.Маркитан және Е.Труфанованың «Невесомые творения» жеке жұмыстарының көрмесі мұражайда өз орнын тапты. Көрмеде айтарлықтай орынды  қыл араның көмегімен жұқа тақтайдан жасалған нәзік жұмыстар, ал көрме айқындығы болып өзгеше кестеленген ертегі және мультфильм кейіпкерлері орын алды.

Қаржы қызметкері күніне арналған «Люди тарановской земли» фотоқұжаттық көрмесіне еңбегі сіңген қаржы қызметкерінің  төлтума құжаттары, фото суреттері, мақтау қағаздары мен марапаттары ұсынылған. Бұл көрме мұражайда бір ай бойы жұмыс істеді, және МҮ салық қызметіне арналған салтанатты шарада көрермендер назарына қойылды.

«Тарихи оқиғалар» атты фотоқұжаттық көрмесі Таран ауданының  75 жылдығына арнайы жасалды. Көрме 1936 ж. Таран жерінің тарихы туралы әңгімелейді. Құрылған совхоздар мен кәсіпорындар Таран ауданының алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болды.  1960-80 ж.ж. облыста экономикалық және әлеуметтік салада алдыңғы позицияға шықты. Көрмеге бірінші жетекшілерінің, өндіріс озаттарының среттері ұсынылды. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде ауданымыздың жетістіктері мен табыстары көрсетілді.

Жергілікті шеберлер Е.Труфанова, Е. Гоноченко, Б.Ибраев, В.Рудневтің жасаған туындыларынан  жасалған көрме Қарттар күніне ұсынылды. Бұл көрме жергілікті шеберлер туралы, олардың  құпия ойларын ашып берді. Көрмеге ағаштан, фанерадан жасалған заттар мен кестеленген өнер туындылары  қойылды.

Кеңес Одағының батыры Л.П.Телятниковқа арналған «Өмір және ерлік» атты фотоқұжаттық көрме жасалды. Көрмеден мұражай келушілері 1986 жылғы Чернобыль апатымен және Кеңес Одағының батыры Л.П.Телятниковпен танысты. Тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы төлтума фотосуреттер, құжаттар, жеке заттар, Чернобыль АЭС апаты және Леонид Петровичтің ерлігі туралы  әңгімелейді.

«Конституция – еліміздің ата заңы» мемлекеттік мейрамдар күніне көрмелер ұйымдастыру дәстүрге айналды. Бұл көрме еліміздің барлық азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы әңгімелейді.

Таран тарихи-өлкетану мұражайы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы ұйымдастырған Таран ауданының мәдениет күндеріне қатысты. Мұражай туған жер туралы және дарынды суретшілері, шеберлері туралы бірқатар көрмелер дайындап жасады.

 

 

Мұражай қызметкерлерімен облыс қонақтары үшін «Край мой Тарановский» көрмесі дайындалды. «Варваринское» АҚ тарихына, кешегі және бүгінгі алтын шығаратын өнеркәсіп орнына  саяхат жасап, көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Сурет өнерін сүйюші қауым Татьяна Дубровскаяның суреттерімен сүйсінді. Бұл суреттерде суретші Таран жерінің табиғатын суреттеді. Сонымен қатар көрмеде өлке табиғаты әр қырынан әуесқойлы түсіріліп көрмені жалғастырды. Жергілікті суретшінің суреттер көрмесі де жиналған қауымды өзіне қаратты. Еліміздің айрықша оқиғасына суретшімен 20 сурет жазылды. Оның жұмыстары ерен табысқа ие болды, ал кейбіреулері өз сатып алушыларын тапты.

Көрермендер назарына қолданбалы өнер туындыларына көрме дайындалды. Өзгеше И.Довгань жұмыстары «вытыкалка» технологиясы бойынша жасалып, көрермендерді қызықтырды. Ал зейнеткер Н.Рдиктің крестпен кестелеп тігілген жұмыстары өнер сүйер барлық қауымды таңқалдырды. Оның жұмыстарының қасынан ер адамдардың өздері жай өтпей, сүйсініп оның жұмыстарымен қызықты. Бұл күні үлкен табысқа И.Бабичеваның моншақтармен кестеленген жұмыстары да болды.  Жас әйел Ю.Маркитанның  алтын қолмен жасалған әр түрлі қобдишалары да өз көрермендерін тапты. Облыс қонақтары үшін жүргізілген экскурсия кезінде олардың ілтипаттылығы және туған жерімізге деген қызығушылығы сезілді.

Ауыл шаруашлық қызметкері күнін тойлау күні мұражай қызметкерлерімен «Прославляя край родной» фотоқұжаттық көрмесі дайындалды. Көрмеде озық ауыл шаруашылық өндірушілерінің фотосреттері ұсынылды.

Аудандық МҮ ауданымыздың 75 жылдығы және Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы салтанатты мерекесіне бірқатар фотоқұжаттық көрмелер «Тарихи оқиғалар», «Люди тарановской земли», «Қазақстан – бостандық пен тәуелсіздік елі», «Край мой Тарановский» атты көрмелер қонақтар назарына ұсынылған.

 

Көпшілік жұмыс

 

Мұражай жұмысында айрықша назар көпшілік жұмысқа бөлінеді, өйткені қазіргі уақытта мұражай ғылыми мекеме ғана емес, сонымен қатар сауықтыру орталығы б.т. Сондықтан мәдени-көпшілік жұмыс айғағы ылғи да жаңартылып, жаңа жұмыс формасы қолданылады.

Жыл бойы мұражайға келушілер қатарында аудан және село мектеп оқушылары, жазғы  уақыттарында балалар сауықтыру алаңынан оқушылар, бұрынғы отандастар, сырттан келушілер, Алматы, Астана, Германия және Ресей Федерациясынан келген село қонақтары. Сонымен қатар мұражайға бала бақша балалары да үнемі келіп тұрады. Өткен жылы Тобыл ауылынан үш бала бақша тобы мұражайға келді. Өткен уақыт аралығында мұражай қызметкерлерімен 63 топты экскурсия және 54 көпшілік мерекелік шаралар өткізілді.

 

 

Сонымен қатар ауданның 75 жылдығына, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі және мемлекеттігінің тарихи даму жолдары туралы, ұлы Жеңіс ардагерлері туралы, таран жерінің аты аңызға айналған батырлары туралы, Конституция күніне арналған 22 дәріс және әңгімелесулер өткізілді.

«Өлке халықтарының салт-дәстүрі» атты бағдарламасы шегінде мұражайда дәстүрлі түрде «Святки»  славян мерекесі өткізіледі. Мерекелік іс шара барысында  оқушылар мерекенің өткізу өзгешелігімен танысты. Мұражай қызметкерлері оқушыларға рождество мейрамында өлең айту және жаңа жылдық бал ашу жолын көрсетті.

 

 

Қазақ орта мектебінің оқушылары «Қазақ ұлттық киімнің шығу тарихы» атты танысу сағатында қазақ ұлттық киім түрлерімен, ондағы ою түрлерімен танысты.

Көктемнің бірінші күні дәстүрлі түрде кәделі «Масленица» мерекесі өтті. Мереке барысында балалар майлы жетімен танысты, мұражай қызметкерлері балалармен бірге өлең айтып, шеңбер құрып, қол ұстасып әндетіп ойын ойнады. Және де міндетті түрде соңында құймақпен шай ішті.

2011 жылы «Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» ММ жұмысы әзірленген жоспар бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауына бағытталған. Өткен жылдың бірінші тоқсанында тәуелсіздікке қарсы мерекелік іс шаралар өткізілді. Осылайша село мектептері үшін Республикада саммиттің және азия ойындарының өткізілуіне орай «ЕҚЫҰ саммит - оқиғасы», «Саммит ЕҚЫҰ – Қазақстан басшысының зор жеңісі», «Азиада - 2011» мұражайлық сабақтар мен танысу сағаттары өтті. Мұндай      мерекелік іс шаралардың өткізілу мақсаты мұражайға келушілерді елдегі басты оқиғалармен ақпараттандыру б.т. Өйткені алдағы онжылдыққа ЕҚЫҰ негізгі міндеті: «қайшылықтарды жоспарлы шешу, сенiмді және  мемлекетаралық бiрiктiрулер шеңберiндегі ықпалдастықты нығайту».

Еліміз тәуелсіздік алуымен бірге өз мемлекеттік рәміздерге ие болды. Оларда рухани-мәдени мұрамыз, тарихымыз, игі мақсаттарымыз іске асырылды.  Мұражай қызметкерлерімен еліміздің рәміздері тақырыбында бірнеше мерекелік шаралар өткізілді. Мерекелік іс шаралар танысу сағаттар түрінде, презентациялық слайд көрсету арқылы әңгімелесулер түрінде және Астана туралы мультимедиялық фильмдер көрсету арқылы өтті.

 

 

«Қазақстан Республикасның Президент» экспозициясында Б.Майлин атындағы мектеп оқушылары үшін: «Священные символы», «Символы свободы и чести» мұражайлық сабақтары өтті, олар еліміздің қасиетті рәміздерін қадірлеу мен оларға ұқыпты қарауға бағытталған. Мұндай сабақтардан оқушылар рәміздер туралы, ҚР мемлекеттік ту мен елтаңбаның әзірленгені туралы, әнұран мәтіні туралы және олардың авторлары туралы көп қосымша мағлұматтар алды. Ерекше назар әнұранға аударылды, оқушылар ән ұран айтып тұрғанда міндетті түрде тұрып, оң қолдарын сол жақ кеудесіне қойып тыңдаулары тиіс. Кейін Президент орталығы туралы мультимедиялық фильм көрсетілді. Оқушылар виртуалдық саяхат кезінде Қазақстанның архитектуралық ескерткіштерімен, көркем галереясымен және егеменді мемлекетіміздің жетістіктерімен танысты.

Жастар тобына «Қазақшаңыз қалай?» атты ойын викторинасы өткізілді, онда жастар мемлекеттік тілдегі жетістіктерін көрсетті.

 

 

Сонымен қатар «Асыл мұра» тілдерді дамыту бағдарламасына ерекше назар аударылған. Интернат түлектері, қазақ орта мектебі мен Б.Майлин атындағы орыс мектеп оқушылары үшін мемлекеттік тілде «Чудесный дастархан», «Сказки дедушки Алпысбая», «Бұл біздің туымыз», «Ою өрнек», «Табиғат ел байлығы» сияқты мұражайлық мерекелік іс шаралар, дәрістер, танысу сұхбаттары, экскурсиялар өткізіледі. Мұндай іс шаралардың негізгі мақсаты мемлекеттік тілді сақтау және насихаттау, мұражай жәдігерлерін өз атымен атау және тұрмыста қолдану, балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, және де ұмытылып қалған «қазақша күрес», «асық», «тында көтер», «тартысу» сияқты қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру б.т.

 

 

«Наурыз-Мейрамы» мерекесін тойлау қарсаңында село мектеп оқушылары үшін «Наурыз – праздник весны и изобилия», «Наурыз – көктем және жанар мейрамы» тақырыбында мерекелік іс шаралар өтті. Мейрамға дәстүрлі түрде село ақсақалдары қонаққа шақырылды. Мұражай қызметкерлері викторина түрінде мерекені тойлаудың ерекшеліктерімен таныстырды. Әжелермен бірлесе «Бесікке салу», «Дорба ашу» салт-дәстүрлері көрсетілді.  Наурыз мейрамы басқа да мерекелер  сияқты өлең айтумен, би билеумен, ойын ойнаумен, домбыра тартумен қоса өтті. Наурыз мейрамы Қыдыр-атаның бата беруімен аяқталды.

Әуе және ғарышкер күні қарсаңында мұражай қызметкерлерімен 5,6 сынып оқушыларына бұл айырықша күніне орай мерекелік шаралар өткізілді. Бұл іс шаралардың мақсаты оқушыларды ғарыш кеңістігінің даму тарихымен, Әлем дүниесін бағындырған ғарышкерлермен танстыру. Оқушылар бірінші ғарышкер Ю.Гагарин туралы қызықты оқиғаларды,  ғарыштағы 108 минутты тарихи кадрларды көре алды. Сонымен қатар оқушыларға Ю.Гагариннің дауысы жазылған жазбаларды тыңдауға мүмкіндік туды.

 

 

Ескерткіштерді қорғау – мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұймдардың басты міндеті. Тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарау – еліміздің әр азаматының патриоттық парызы.

Мұражай қызметкерлерімен 18 сәуір Халқаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне мұражайдан тыс экскрсия өткізілді. Мұндай экскурсиялардың мақсаты оқушыларды сәулет өнер ескерткіштерімен, Қазақстандағы тасқа салынған ескерткіштерімен, және де Таран ауданындағы ескерткіштер арқылы еліміз бен өлкемізде орналасқан тарихи игіліктерге қызығушылық тудыру.

Мұражайда «Пасхальные встречи» қызықты өтті. Мерекелік шараға 4 және 1 сынып оқушылары шақырылды. Мерекелік іс шара барысында балалар мереке туралы көп қызықтарды білді. Олар өткенге оралып, мерекенің тарихи пайда болуы туралы білді, өйткені бұл күні міндетті түрде православиелік шаруа адамдары жаңа киім киген, ал кейбір облыстардағы жас қыздар жарық жетіде киімдерін күн сайын ауыстыратын болды. Пештің өзі жаңартылды – оны тазартып, қайта ақтап, және міндетті түрде шіркеуден әкелінген шырақпен жаңа от жағылды. «Жас өлкетанушылар» ұйымның қатысуымен Сельм Лагерлефтің  «Сказание о Христе»  аңызына сахналау дайындалды. Сахналау слайд көрсетумен қоса көрсетілді. Әсіресе балаларға пасха жұмыртқаларын бояу процесі өте ұнады.  Балалар үлкен аталары мен әжелерінің ойнаған «Чоканье яйцами», «Поиск яиц с завязанными глазами», «Катание пасхальных яиц», «Эстафета с яицами» ойындарын ойнауды қызық көрді. Мереке собалақпен шай ішу мен пасха жұмыртқаларын жеумен аяқталды.

Жыл бойы мұражаймен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай көптеген іс шаралар өткізілді. Солайша, Қазақстан халықтарының бірлігі күні «Қазақстан достық пен татулық жері» атты интерактивті іс шара өтті. Балалар мен жүргізушілер қазақ, орыс, неміс, украин отбасын құрып, қонақтарды қарсы алды. Қонақтар өз ұлттық киімдерін киіп, өз салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық тағамдарымен қонақасы етті. Балалар әр ұлттың тағамынан ауыз тиіп, ұлттық ойындарын ойнады.

Іс шараның соңында оқушылар қорытынды шығарды: еліміз алға дамып өркендеуі үшін біз өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек және жақсы оқып, Қазақстан үлкен үйіміздегі татулық пен достықты сақтаумыз керек екенін айтты.

 

 

Жеңіс күні қарсаңында мұражайда үш ұрпақтардың: ҰОС ардагерлері, ҚР мерзімдік қызмет солдаты және Таран орта мектеп оқушыларымен кездесуі өтті. Мерекелік іс шара «Славим тех, кто одержал Победу!» тақырыбында өтті. Бұл іс шараның негізгі мақсаты азаматтық-құқықтық жауапкершілікке баулу, ұрпақтар арасндағы ара-қатынасты нығайту, қызығушылықты тудыру, Отанды қорғаған адамдарға құрмет көрсету, отаншылдықты дамыту, жетілдіру. Сонымен қатар «Тяжело в ученье – легко в бою» ойын-викторинасы өткізілді, онда оқушылар өздерін нағыз даярланған солдаттар ретінде көрсетті. ҰОС ардагерлер атынан Коваленко Иван Петрович сөз сөйледі. Ол соғыс жылдарын еске түсіріп, оқушылармен ой бөлісті. Жас ұрпақ атынан сөз Б.Бұрбаевқа берілді, өйткені оған астанамыздағы Президенттік Гвардиясында қызмет ету сәті түсті. Ол да қызмет атқарып жүргендегі қызықты оқиғаларын еске түсіріп, әскер қатарында қызмет ету – бұл еліміздің әр ер азаматы үшін өте жауапты және құрметті міндет екенін айтты.

 

 

Халықаралық мұражайлар күніне орай «Ночь в музее» акциясын өткізу дәстүрге айналды. Мереке күні мұражай фойесі және алаңы шарлармен, жалаулармен безендірілген. Албарда  үлкен теледидар орнатылып, караоке айтқысы келген барлық келушілер ән айта алды. Мерекелік іс шараның ашылуы сағат 17-00 ге белгіленді. Акция жоспарында – интерактивті экскурсия және үлкен экраннан «Ночь в музее» мистикалық комедиясын көру. Экскурсия барысында келушілер табиғат әлемінің ғажайып дүниесіне саяхат жасап, құстардың сайрауын, жылғаның сылдырын, ағаштардың сыбдырын тыңдай алды. Киіз үй ішінде қазақ салт-дәстүріне қатысты қызықты сұрақтары бар «Дорба ашу» ойынын ойнай алды. «Бір шаңырақ астында»  экспозициясында Қазақстан халықтарының ойындарын ойнап, би билесе, Б.Майлин экспозициясында Б.Майлин пьесасы бойынша спектакль үзіндісі қойылды. ҰОС экспозциясында әрине «Жеңіс күні» өлеңі және көптеген басқа әскери өлеңдер айтылды.  Және «Ночь в музее» акциясын өткізуге көмектескен Евгений Шевченко «Когда закончилась война» өлеңін айтты. «Тың игерушілер шатыры» экспозициясы қасында барлық қонақтар үлкен шабытпен «Едут новосёлы» өлеңін айтты.

Еліміздің Тәуелсіздігін тойлау жылы, біздің мұражай да өзінің 20 жылдық мүшел тойын тойлап өтті. 18 мамыр  Халықаралық мұражайлар күні және Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайының 20 жылдығына орай салтанатты кеш өткізілді.  Сол күні мұражай құрылысы мен ашылуына ат салысқан барлық адамдар: аудандық компартия хатшысы болып қызмет атқарған Т.Е.Нұрахметов, АББ методкабинетінің меңгерушісі Н.Ф.Горбань, аудандық компартия қызметкері З.Д.Клочкова, көркемдеуші суретшілер В.Н.Руднев және Д.Ж. Исетов, өлкетанушы, ынтагер, мұражай көмекшісі Б.А.Ибраев шақырылды.  Барлық шақырылған қонақтар мұражай құрылысы басталған қиын жылдарды еске түсіріп, мұражай мен қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Мерекелік кеш кезінде мұражай тарихы жайында айтылып, мұражай қызметі туралы слайд көрсетілді.

 

 

Жаз уақыты – балалардың демалу және тынығу уақыты, жаз кезінде мұражайда мектеп маңында балалар сауықтыру алаңына мерекелік шаралар өткізіледі. «Амансың ба жаз!», «Здравствуй лето!» мерекелік шарамен жазғы маусым ашылды. Бұл іс шаралардың негізгі мақсаты балаларға қарапайым білім және Халықаралық балаларды қорғау күні туралы түсінік  беру, шығармашылық бастамаларын көрсетулеріне ынталандыру.  «Амансың ба жаз!» мерекесі сахналандырылған көрініс түрінде өтті. Ойнаушы адамдар: Врака-Забияка, күлдіргіш Смешинкин және жүргізуші. Жаздың бірінші күнінде балалар ойындарға белсене қатысып, жұмбақтарды шешу кезінде өз тапқырлықтарын көрсетіп, жаз туралы өлеңдер мен ән айтты.

«Жануарлар мен өсімдіктер әлемі» ойыны ойнатылды. Балаларға үй тапсырмасы болып орманды салып келу болды. Балалардың суреттері арқылы жеңімпаз баланы айқындау болды. Балалардың біреулері жәндіктерді, біреулері шөптер мен гүлдерді салса, басқалары құстарды салды. Суретті жақсы салған бала жеңімпаз атанды.

   Жазғы уақытында барлық жұмыс аудан мектептері маңындағы жазғы балалар сауықтыру алаңына бағытталған. Мерекелік іс шаралардың тақырыбтары да әр түрлі: «Лето – время каникул», «Узнай экспонат», «Астана жас қала». Ойын сауық «Ертегіге шолу» викториналарына оқушылар қуана, белсенді қатысты.  Дәстүрлі түрде білім күні мұражайда мектеп оқушлары үшін «Сенің негізгі құқықтары мен міндеттерін», «Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында интерактивті сабақ өтті. Бастауыш сынып оқушыларына Конституцияның қабылдануы туралы және баланың құқықтары туралы айтылды. Мұражай қызметкері ертегі кейіпкерлерін мысалға келтіріп мәліметтер мәнін баяндап берді. Ал соңында викторина ойындарын өткізіп, оқушылар викторина сұрақтарына қуана-қуана жауап беріп отырды. Кейін өз туған өлкелері туралы әңгімелеп, осылайша өздерінің Отанға деген құмарлықтары мен махаббатын көрсетті.

Бұған қатарлас төменгі сынып оқушыларына «Конституция – основной закон нашей страны» танысу сағаты өткізілді. Мұражай қызметкерлері оқушлардың Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып, оқушылар еліміздің ата заңында жазлған құқықтарды атап шықты.

Жыл сайын ҚР тілдер күніне мектеп оқушылары үшін «Под единым шаныраком», «Тіл жан дүниені танудың кілті», «Ана тілін сақтаңдар, ана тілін ақтаңдар» мерекелік іс шаралары өтеді.  Бұндай іс шаралардың негізгі мақсаты елімізде өмір сүріп жатқан халықтар туралы, олардың мәдени ерекшеліктері туралы және олардың бір-бірімен ара қатынасы жайында айту. Сонымен қатар мемлекеттік тілге қандай назар аударылатындығын көрсету.

Үшінші жылы мұражайда аудандық өлкетану оқулары өткізіліп жүр, олар өлке тарихына, мерейтойлы даталар мен әйгілі адамдардың өмірлерін зерттеуге арналып өткізіледі. Өткен жылғы оқулар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Таран ауданының құрылуына 75 жыл толуына арналып, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деген тақырыбта өтті. Аудандық өлкетану оқуларының қатысушылары село округтарының оқушылары болды.  Сонымен қатар шақырылған еңбек ардагерлері, өлкетанушылар, мұрағат қызметкерлері  де қатысты, олар ауданның дамуына үлкен үлес қосты. Қатысушылардың баяндамалары төлтума құжаттарына, жерлестердің естеліктеріне сүйене отырып құрастырылды. Құрастырылған баяндамалар жинақталып, әңгімелер жинағы жарияланады. Өткен жылы тәуелсіздік жолындағы аудан мен ауылдардың экономикалық және мәдени дамуы туралы баяндамалар қаралды.

Мұражайдың жүргізіліп жатқан мерекелік іс шаралардың барлығы елдің тарихы мен халқымен байланысты мұражай экспозициясына, елдегі басты оқиғаларына және қор коллекцияларының негізінде құрылады.

Таран ауданының Мәдениет күні облыс қонақтары үшін «Таран жерінің Ұлы перзенттері» презентациясы ұсынылды. Презентация слайд көрсетумен қатар, жазушы, драматург Б.Майлин, Е Өмірзақовтің өмірі мен шығармашылығын және аты аңызға айналған Жабағы батыр туралы әңгімеледі.  

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» акциясы басталды. Бұл ерекше мәнді күнге көптеген мерекелік іс шаралар өтті. Бұл мұражайлық сабақтар, танымдық және интеллектуалды сағаттар, экскурсиялар мен викториналар болды. 20 күн ішінде мерекелік шаралар мемлекеттік және орс тілдерінде жүргізілді.

Таран қазақ орта мектебінің оқушлары үшін «Менің елім – Қазақстан Республикасы» атты интеллектуалды - танымдық ойын – викторинасы өткізілді. Оқушылар Қазақстан картасы бойынша виртуалдық саяхатқа аттанып, өз туған елінің, Отанының тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті. 3-4 сынып оқушлары үшін: «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған», «Тәуелсіздік тұғыры», «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы», «Тәуелсіздік нышандары» атты танымдық сағаттар өткізілді. 5-10 сынып оқушылары шығармашылық жұмыс жасады, олар газеттер, кітапшалар шығарып, Тәуелсіз еліміз бен мемлекет басшысы туралы  шығармалар жазды. Берілген жұмысты еш қиндықсыз орындап шықты, өйткені өз туған Отаны үшін мақтан тұтады және өз елінің кішкентай патриоттары болып табылады.

  «Страна свободы и Независимости» ауызша жорналы бірнеше мектеп сынып оқушылары үшін өтті. Бұл шараның мақсаты болып, ҚР мемлекеттігінің тарихи құрылымы және тәуелсіздікті жеңіп алуы туралы білімдерін қалыптастыру. Еліміздің гүлденуі және дамуындағы Президенттің рөлін ашып көрсету. Мерекелік іс шарада слайд арқылы республикамыздың жетістіктері туралы айтылып, оқушылар Отан туралы өлеңдерін айтты.

Азаматтық отаншылдықты тәрбиелеу және қалыптастыру мақсатында «Қазақстан – сүйікті елім, Қазақстан – Отаным менің» атты мұражайлық сабақ өткізілді. Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы туралы айтылған мәліметтер бойынша оқушылар негізгі ішкі саясат принциптерін тереңірек түсініп, өз ауылының жақсы нәтижелі істерін көріп, саясатымыз дұрыс бағыт таңдағанын көре алды. Кейін, оқушылар  Отанды не үшін жақсы көретіндігі туралы өз ойларын, өз мысалдарын келтіріп айтты.

«Менің Қазақстаным» атты виртуалдық экскурсиясы «Президент» экспозициясында өтті, онда мұражай қорынан Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Президенті туралы мәліметтер мен фото құжаттар ұсынылды. Экскурсия жетекшісінің Қазақстан туралы ұсынған мәліметтері оқушыларға жас республикамыздың алғаш қадамдары, экономика саласындағы жетістіктері мен табыстары туралы қосымша мағлұматтар береді. Экскурсия Қазақстан және Республика астанасы туралы слайд көрсетумен аяқталды. Оқушылар Астананың назар аударарлық орндары мен мәдени орталықтары туралы білімдерін бекітті.

 

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"