Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Мұрағат материалдарының қоры
2013-07-12 12:15:00

 

             Қазақ әдебиеті классигінің суреті. Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, прозаик және драматург Бейімбет Майлин 1894 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Ақтөбе ауылында, «Әйет» өзенінің бойында дүниеге келген.

 

            Екі жасында әкесіз, жеті жасында анасыз қалған кішкентай Бейімбет, әкесінің туыстарының тәрбиесінде болады. Жоқшылықтан жеті жасар Бейімбет байдың қойын бағады. Табиғатынан дарынды Бейімбет, өмірдің әр белесі жайлы ойланатын. Өзінің қабілеттілігімен және әкесінің туыстарының арқасында, жасынан орташа білім алады. Ауылдық және болыстық мектепті бітіріп, бір жыл «Уәзифада» (Троицк қ.) екі жылдай Уфадағы «Ғалия» татар медресесінде оқиды.

 

            Б.Майлин жазуды 1912 жылдан, баспаға шығаруды 1913 жылдан бастаған. Сол кезде Бейімбет жақын ауылдарға «суырып салма ақын» деген атаққа ие болған. Оның өлеңдері күнделікті тұрмысқа, байлардың, молдалар мен қарапайым халықты тонауына арналып, ашық, өткір болып шығатын. Бейімбет көп уақытын орыс тілін үйренуге жіберіп, Л.Н.Толстой, Н.В.Гоголь, А.П. Чехов, А.М.Горькийдің шығармаларымен танысады.

 

            1916-1919 жылдары Б.Майлин өзінің туған ауылы Ақтөбеге келіп, Мұғалім болып, шеберлігін шыңдай түседі. Сол кездегі қазақ басылымдарында, яғни газет-жорналдарда оның өлеңдері, әңгімелері жиі жарық көретін. 1924 жылы Бейімбет Қостанайда «Жаңа ауыл» газетінін редакторы болып, бір жылдан кейін республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істейді.

 

            1926 жылдан 1936 жылға дейін ол республикалық газеттерде, баспаларда жұмыс істеп, 1936-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады.

 

             1938 жылдың 26 ақпанында Бейімбет Майлин Сталиндік зұлымдықтың құрбаны болып, қаза тапты.

 

 

1934 жылы КСРО жазушылар одағы құрылған уақытынан Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин КСРО жазушылар одағының мүшесі, осы уақытқа дейін 1927 жылдан қазақ пролетарлық жазушылар ассоцияациясының мүшесі болғандығы туралы 28 тамыз 1958 жылғы КСРО жазушылар одағының анықтама қағазы.

 

 

 

 

 

 

№ 38, 22. Х. 1937 ж. жарлықтан үзінді. Майлин ұлтшыл – контрреволюционер ретінде НКВД ұйымымен әшкерленіп, қамауға алынды.

 

Қаулы етілді: Майлинді халық жауы ретінде партия қатарынан шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          16 сәуір 1957 жылы Б.Майлин қайтыс болғаннан кейін ақталғандығы туралы анықтама қағаз. Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша өзгерту, және қылмыс құрамы жоқтығынан іс 26 ақпан 1938 жылғы сот шешімі бойынша тоқтатылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"