Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай туралы / Есеп 2012
2016-06-24 11:45:00

2012 жылғы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының

«Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы»

мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпарат.

 

«Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» ММ көп қырлы қызметі мемлекеттік мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін сақтап,ақпаратын белгілейді және туған жерін бейнелеп тұрып, оның негізгі материалдарын отанына деген махаббаты мен патриоттық сезімін тәрбиелейді.

            Біздің мұражай біргейлік кеңістік, мәдениаралық өзара қызмет етеді, этностар және субкультура, көптеген әлеуметтік бірлестік арасында ақпараттық және құндылықтарымен бөліседі.

            Мекеме іріктейді, сақтайды, есеп алады, мұражай бұйымдары мен коллекциясымен халыққа көрсетеді; тарихи және мәдени деңгейінде зерттеу жүргізеді; көрме – экспозициялық қызметін жүзеге асырады; келушілерге экскурсиялық, лекция түрінде камтамасыз етеді; халық арасында бұқаралық жұмысын, өлкетану оқуын, өткізеді; облыста мағыналық семинарларға қатысады.

            Өткен жылы мұражай Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдық мерейтой жолдауымен жұмыс жүргізді және шығармашылық жоспардың дайындауы жөнінде, оның аймақтық, облыстық еліміздің басты оқиғасын көрсетті.

            Мұражайдың балық жұмысы стационарлық экспозициядан құрылған, ол тоғыз тематикалық бөлімнен тұрады, көрме залы мен мұражай қор коллекциясынан.

 

Қор жинақтау жұмыстары

            2012 жылда мұражай қорын толтыру бойынша жұмысын жалғастырды. Көп жылдар бойы мұражай экспонаттарына сақтау системасы бойынша жұмыс жүргізіледі: Жыл ішінде мұражайға мағыналы заттар түскенде, оларға таңбалау және ғылыми анықтамалы 287 бірлік карточкасына тізімдеме жүргізеді. Қор жинағына 259 бірлік негізгі қорға анықтау мақсатында, құжаттық және заттық іріктеуі бойынша протоколдар құрылып, олардың ішінде сатып алу коллекциясымен 11 зат сатып алынып және табылды. Ғылыми – қосалқы қорға 28 зат енді. Коллекция есебінен қор іріктеліп толтырылды.

- ХХ ғ. өлке халықтардың тарихи – тұрмыс заттары.

- Атақты аудан адамдардың материалдары мен құжаттары.

- Репрессияға ұшырыған адамдардың фото материалдары.

- Нумизматика (ақша) коллекциясы.

            Жыл сайын мұражай қорына және экспозицияға құжаттар мен фотодокументтер толтырылады және де жаңа мұражайлық заттар, олардың ғылыми – мәдени құндылығы бар. Жыл бойы халықпен белсенді жұмыс жүргізіледі. Мұражайға керек заттарды алып, зерттеп, мұражай коллекциясын әрі қарай толтыру үшін жаңа қорға өндейді. Қазіргі уақытты қорда 4568 мұражай заттары бар. 2012 жылда мұражай қызметкерлерімен 287 зат жиналып табылды, олар қорды толтырды.

            Б. Майлин отбасы қорына – туыстарының фотосуреттері толықтырылды, суреттерді ауыл тұрғыны Ш.З.Түгельбаев ұсынды. Щербинов ауылынан бұрынғы мәдени ұйымдастырушы  В.Н.Енинадан 70-80 ж киімдері мен фото мүліктер мұражайға ұсынды. А.Қ.Қарымсақова, Р.Г.Тригубская, З.И.Киселева мектепте істеген кездеріндегі, адал еңбегі үшін марапаттады «Еңбек Адамдары» грамоталары, құжаттарды, суреттерін қорға толтырды. А.А.Зыбалева 17 дана санынан 70-80 ж грампалстинка коллекциясын ұсынды, оның ішінде Л.И.Брежневтің «КПСС жұмысының маңызды сұрақтары»; «Тарихтың шешендік шеберлері»; «Өрлеу және әлем бағдарламасы» және т.б. И.Т.Сушко мен В.С.Чермошенцев Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың нумизматика коллекциясын толтыру үшін, медаль мен құжаттарды ұсынды.

            Сатып алу комиссиясымен табылған, мұражайға 171 мың теңге сомасына зат сатып алынды. Бұл облыстық суретшілердің С.И.Шалунова, М.Н.Дитиенко суреттері, суретте ұлттық тематикаға байланысты және Таран аудынның табиғаты бейнеленген. «Киіз үй» экспозициясы үшін 2 ер  тоқым, диірмен, қыл қобыз сатып алынды. Барлығы ғылыми және электрондық өнделген. Мемлекеттік есепке алынды. Негізгі қордағы мұражай заттар саны электронды түрде 1155 бірлік құрайды.

 

Ғылыми – зерттеу жұмысы

            Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми – зерттеу жұмысы негізгі және мұражай қызметінің жетекші бағыты болып табылады. Әр мұражай маманы негізгі тақырыты өндеп, осы жұмыстың соңына сөз сөйлеп немесе гезетке шығарып, тағы да сол материалды мұражай сабақтарына, лекцияларға, мерекелік жіне шараларға, мұражайлық сценарийлерге қолданылады.

            Сондақтан жыл сайын мұражай қызметкерлері белгілі тақырып бойынша жұмыс жасайды. Қорытындылап жаңа көрме жасалынады, лекция және экскурсия тақырыбына, мұражайлық сабақтарға, мерейтой және шаралық сценарийлерге материалдар дайындалып, аудан немесе облыс басылымдарына материалдар шығарылады.

            Мұражай ауданда өлкетану орталығы болып есептеледі. Мұражайда әр жал сайын «Мәдени мұраның сақтау мен дамуы» бағдарламасы бойынша аудандық өлкетану оқулары өткізіледі. Мерейтойлық күндері мен аймақтың атақты адамдары туралы, туған жерді оқып білуіне бығытталады.

            Мұражайлық заттарды табу, ауыл тарихы туралы материалдарды жинау және экономикалық даму мақсатында, Қызыл – жар және Варварин ауылдарының шығу жолдары ұйымдастырылады.  Шығу барысында ауыл тұрғындарынан тұрмыс заттары, еңбек ардагерлерінің фото материалдары табылды. Соның ішінде раритет құжатынан Киров атындағы ауыл шаруашылқ бухгелтерлік есеп кітабы табылған.

           

Экспозициялық – көрмелік жұмыс

            Экспозициялық қызмет мұражайдың негізгі бағыты  болып саналады. Мұражай қызметін мәдени – білімін жүзеге асыру үшін мұражайдың негізгі коммуникациясы болып табылады.

            Мұражай құрылған кезден бастап, ең басты қызметтік бағыты көрме жұмыстары, ол жамып қор коллекциясынан негізделіп және әр түрлі тематикалық бағытта: этнографиялық, тарихи және басқа тематикалық көрме дайындалады.

            Мұражайдың экспозициялық – көрмелік қызметі келушілерді тартып, қызықтыруын бағыттайды. Осыдан 2012 жыл ішінде мұражай залында 38 көрме ұйымдастырылды. Ал мұражай мерекелерінде және салтанатты мейрамдарды айдын Мәдени уйінде келесі көрмелер ұсынды.

            Сонымен мұражай шарасына «Тарихта терең», ал мұражай қорынан «Өткен ғасырдың киімдері» заттық көрме ұйымдастырылды. Олар балаларды өте қызықтырды, өйткені бұл киімдер адам тұрмысынан шыққан, ал бұл киімдердің орнына жаңа қазіргі замаңына сай келді.

            Фото құжаттық көрме «Сахна шебері» келушілерге Казақ ССР халық артісі, домбырашы, әнші, театр және кино артісі Е.Өмірзақовпен таныстырды. Көрме артісітің жеке және шығармашылық өмірін көрсетеді, оның басты авторлық рольдерімен еңбегі туралы.

            8 Наурыз халықаралық әйелдер күні қарсанында мұражайда «Барлық сәнімен» атты заттық көрме ұйымдастырылған, өзінің ашықтығы мен өзгешілігімен келушілерді қызықтырды. Бұл көрмеде күнделікті өмірде және мерекелерде киіп қолданған, көптеген әйел әшекейлері көрсетілген. Мұражай қызметкерлері ежелден келе жатқан әшекейлерді қалай киіп жүргенін салты туралы айтып отырды. Әрине олардың шығу тегі бізге беймәлім. Көрме көне замаңдағы әйел адамдары тастан және металдан жасаған әшекейлерді қалай қолданғанын көрсетті. Әрине олар өз үшін және де басқа мақсатпен, мысалы: ер адамдарды өздеріне таратуына, салт және әдет – ғұрпына, сиқыршылық үшін қолданған.

             «Таран жерінің мақтанышы» атақты жерлесіміз, педагог, публицист, қоғам  қайраткері Е.Омаровтың туған күніне 120 жылдығына арналған фотоқұжыттық көрме келушілерге таныстырды.

            Өткен жылы «Өз замаңның баласы» атты маңызды көрме презентация мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевка арнап, ауыл мектептерінде танымдылық сағатын өткізді. Слайдта мемлекеттік және партиялық кайраткері жұмыс орнындағы, партиялық съезде делегаттар арасындағы, Кеңес республикасының депутаттырымен және отбасылық суреттері көрсетілген.

            Мұражай қызметкерлерімен «Наурыз- Мейрамы» мерекелік күніне,  орталық алаңғы қазақ киіз үйінен жиғаздарын алып, заттық көрме ретінде дәстүрлі ұйымдастыратын болған. Қонақтар мен ауыл тұрғындары сүйіспеншілікпен киіз үйдің ішкі құрылысымен, ХХ ғасырдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен танысты. Сонымен – ак келушілер ұнаған заттармен суретке түсті.

            1947 ж П.Г.Чермошенцев бастаған Таран ауданындағы мәдениет үйіндегі драмалық үйірменің шығу тарихы туралы «Өнер халыққа тән» деген фотоқұжаттық көрмеде айтылған. 1960 ж бастап драмалық үйірме халық театрына айналды. А.Пистоленконың «Любовь Ани Березко» атты пьесасына, спектакль қойған күні атағын алған. Көрме театр қызметінің атақтары, жергілікті халық артістері туралы айтылады. Әр келуші көрмеге қызығушылығын білдірді. Өйткені Таран халық театры өздерінің жұмыстарымен әлі қуантып келеді. Қазір театрді бұрынғы оқушысы Н.В.Луценко басқаруда.

            Көрме презентациясы «Карапайым және айбынды» атты балаларға тың иегерген жерлерді көтерген жылдар, Қостанай облысы басында тұрған А.М. Бородин туралы айтылады, оның еңбек қызметі, атағы туралы фотоматериалдары көрсетілген.

            90 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры С.Темірбаевтың жылжымалы фотоқұжаттық көрмені ауыл мектептерінде көрсетті. Оқушыларға оның соғыс жолы мен атақтары туралы айтылды.

            Экология күніне орай, сәуір айында мұражай келушілері «Таран менің өлкем» атты көрме ұсынылды, көрмеде В.Гренц және И.Довганьның әуесқойлық суреттері, Таран жерінің сұлу да көрікті жерлері көрсетілген.

            Отан қорғаушы күніне арналған «Біздің әскер батыры» атты фотоқұжаттық көрмесі келушілерді жауынгерлік әскер өмірін және Қазақстан Республикасы Президент әскерінің матераилдары мен суреттері көрсетілген.

            Халықаралық мұражай күніне, мұражай қызметкерлерімен мұражай қорынан алынған «Мұражайға сыйлық» атты заттық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде аудан тұрғындары сыйлаған заттар көрсетілген.

            «Репрессия құрбандары» фотоқұжаттық көрмені өткен жүзжылдықтың 37 жылғы қайғылы оқиғамен келушілерге көрсетті. Саяси репрессияға ұшыраған құрбандардың мұрағат матераилдары ұсынылған.

            «Тарихта қалған өмір» жеке фотоқұжаттық көрме, Ұлы Отан Соғысының  ардагері В.А.Аксененконың 95 жылдығына арналған. Көрмеде төлтума құжаттары, суреттері, грамота мен наградтары, оның еңбек қызметі мен соғыс жолындағы өмірі айтылған.

            Қарттар күніне орайлас «Шеберлердің асыл ойлары» заттық көрмеде жергілікті, өнер туынды жұмыстарымен, кеспе, фанер, жаңа іскерлер туралы таныстырды. Мемлекеттік мерекеге орай «Конституция – елдің басты құжаты» дәстүрлі фотоқұжаттық көрмеге айналды. Халықтын ел алдында міндеті мен құжаттық және суреттік құқықтары туралы айтылды.

            Қазақстан халқының тілдер күніне «Бірлігіміз жарасқан» фотоқұжаттық көрмеде көп ұлтты халықтың дәстүрі мен салты бейнеленген.

            Мәдениет қыхметкерлер күніне аудан Мәдениет үйінде «Әйел заттары» көрмесі және «Таран театр сахнасында» фотоқұжаттық көрмесі, халық театрының шығармашылық жолы туралы олардың атақтары айтылған.

            «Адам еңбегімен атақты» фотоқұжаттық көрме, келушілерге Социалистік еңбек батыры – В.В. Сидорова туралы, Таран ауданындағы еңбек жолы, 70- жылдардағы аудан тарихы, Д.А.Қонаевтың келуі, және де Қостанай облысына М.С.Горбачевтың келуі туралы материалдардан көрсетілген.

            Ауыл шаруашылық жұмысшылар күніне мұражай қызметкерлері мұражайда және мұражайдан тыс, ауыл шаруашылықтың алдыңғы қатарлы адамдары туралы фотоматериалдық көрме өткізілді.

            «Бой жеткен Қазақстандық теңге» ұлттық валюта күніне көрме аталынды. Көрмеде Қазақстанның ұлттық валюта – теңгенің барлық жолдары көрсетілген.

            Өткен жылы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған маңызды фотоқұжаттық көрме өтті. Көрмеде Н.Ә.Назарбаевтың үлкен еңбек жолы, атақтары және  де мұражай қорынан 2002 ж Таран ауданына Қазақстан Республикасының Президентінің келуі туралы фотоматериалдан көрсетілген, сонымен қатар 2008 ж Президент Гвардиясында әскери қызметін атқарған Гвардеец Б.Бұрбаевтың фотоматериалдары бар.

            Әр жыл сайын мұражай ішінде басқа мұражайлардың көрмелері орналастырылады, сондықтан өткен жылы облыстық галерея суретшілері В.А.Захарченко, С.И.Шалунова, Н.Халифаев, Н.Новоселованың суреттері көрмеде болды және де облыстық метр суретшілері Н.В.Торшин мен В.Изюминнің еңбектері, келушілерге «Балалық шаққа плацкарт билетін беріндер» заттық көрмеде өткен жүзжылдықтың ойыншықтары, балалар киімдері және т.б. есте қалған заттар көрсетілген. Бұл қөрме өте ерекше, өтйкені ол біздің балалық шағымызды еске түсірді.

            Уақытша, тематикалық көрмелер жыл сайын келушілер сұрағына жауап береді, материалдарды ғылыми – зерттеу жұмысына алып, жұртқа табыс етеді

 

Көпшілік қызметі

            Мұражайдың қөпшілік жұмысы үлкен назар аударады, өйткені мұражай ғылыми ғана емес, орталық болып табылады. Сондақтан мәдени- бұқаралық қызметі кеңейіп, жыл сайын жаңа жұмыстар қолданылады.

            Жыл сайын негізгі мұражай келушілері бұл ауыл және аудан оқушылары. Жазғы мезгілде мұражайға сауықтыру алаңын балалары қонақтар және бұрыңғы отандастарымыз келеді. Мұражайдың барлық кезендерінде Таран селосынан және Тобыл кентінен балабақша балалары келіп тұрады.

            Қазіргі кезде мұражай қызметкерлерімен  64 топтық экскурсия мен 60 көпшілік шаралар өткізілген.

            Сонымен қатар 28 лекция мен әңгімелер, оның ішінде ауданның кұрылу тарихы, Таран ауылының құлылу тарихы туралы, Ұлы Отан Соғысының ардагерлердің ерліктері туралы, ауданның атақты адамдары, өлкенің мәдениеті мен халық дәстүрі туралы, Қазақстан Республика Тәуелсіздігі мен мемлекеттің даму жолы туралы, Таран жерінің атақты батырлары туралы және т.б. оқылған.

            «Өлке халқының дәстүрі мен салты» өнделге бағдарламасы барысында және «Тарихта қалған» славян мерекесі дәстүрлі түрде мұражай ішінде өткізіледі. Балаларды осы мерекемен терең таныстырады. Тарихты еске түсіріп, сол өткен жылдары мерекені қалай өткізгенін көрсетеді. Мұражай қызметкерлері бал ашуын т.б. жүргізеді.

            Көктемнің бірінші күнінде мұражайда дәстүрлі түрде әдет –ғұрыпты «Масленица» мерекесі өткен. Мерекеде балалар масленица аптасымен танысып, мұражай қызметкерлері балалармен бірге тақпақ айтып, тұлыпты (мерейтой символы) дөңгеленіп өлең жырлады. Халықтык ойындар ойнатылады. Мереке соңына қонақтарды құймақ пен шайға дәм татқызады.

            Жыл сайын Наурыз – Мейрамы қарсанында мұражайда ауыл мектептері үшін «Наурыз – праздник обновления и  весны», «Наурыз – көктем және жанар мейрамы» атты шара өткізіледі. Мерекеге дәстүрлі түрде ақ жаулықты әжелерімізді, ақсақал аталарымызды шақырамыз. Викторина түрінде қызметкрелер мерекенің ерекшеліктерін айтады. Ал әжелерімізбен бірге «Бесікке салу», «Дорба ашу» салтын көрсетеді. Наурыз мерйамы ән айтумен, би, ойын және домбыра тартумен бірге жүреді. Наурыз Қадыр атаның батасымен және шай ішумен аяқталады.

            Жылдың басында азаматтық патриотизмді тәрбиелеу үшін, қызметкерлермен көптеген шаралар басталады. Олар «Тәуелсіздік пен мемлекетіміздің даму тарихы», «Қазақстан Республика мемлекеттік рәміздер», «Біздің еліміздің қасиетті рәміздері» мемлекеттік рәміздеріне 20- жылдығына бағытталған. Шаралар танымдылық сағаты және мұражайлық сабақ ретінде өтті. Оқушыларға Қазақстанның дара мемлекет ретінде көтерілгені мен кандай жетістістерге жеткені туралы материалдар көрсетілді.

            Пасха мерекесі өмірдің барлық жерін жаңартуды білдірген, сондықтан орыс крестьяндары жаңа киім киіп карсалған. Ал ресейдің кейбір облыстарында қыздар әр күн сайын киімдерін ауыстырып отырған. Пешті де жаңартқан, оны тазартып, ақтап, және де шіркеуден алып келген шамды сол пешті тұтаткан.

            Пасха халықта көптеген бұлақ көзі болып келеді. Куличті (яғни нан) пешке салғанда,әйел адам үйдегі адамның бір атымен атаған, сонымен бал ашқан. Содан нан піскенде жарылып піссе, ол ауыруға душар болады, деп есептеген. Немесе кулич жақсы көтеріліп піссе, ол молшылықтың және байлықтың белгісі. Пасха күні ешбір адам ұйықтамайы тиіс, өткені астықсыз немесе құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Осындай ырымдар Белорусь ауылдарында кездеседі екен.

            Осының бәрін «Пасха кездесуі» мерекесінде төртінші сынып оқушылары танып білген. Балалар белсенді қатысты. Пасха жұмыртқаларын бояп коймай, дәстүрлі пасха ойындарын «Катание яиц», «Эстафета с яйцами», «Чоканье яйцами» ойнаған. Және де жас үйірменің «Жас өлкетану» оқушылары пасха көрінісін көрсетті. Мереке куличпен, пасха жұмыртқаларымен шай ішумен аяқталды.

            18 сәуірде халықаралық ескерткіштерді сақтау күні, сол тарихи орындардан ауыл алаңына тарихи және мәдени ескерткіштердің экскурсиясы блоды. Экскурсия Б.Майлин атындағы 5 сынып оқушылары арасында өтті.

            Осы экскурсияның тәрбиелік маңызы – бұл тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтап, қорғау. Экскурсия кезінде балаларға Таран жерінің ұлы адамдары ескерткіштерін А.Құнанбаев, Б.Майлин, Ұлы Отан Соғысының қайтыс болған жауынгерлердің материалдары көрсетілген.

            1 мамыр мереке күні қарсананда мұражайда «Бірлік болмай, тірлік болмас»атты шара өтті. Балалар бір үлкен отбасын көрсетті, олар әр ұлттың  қонақтарын қарсы алып, солардың тұрмыс салтын айтып, қазақ бауырсақтарымен, орыс құймағымен, неміс кугасымен, украин булычкасымен ауыс тигізді. Мерекеде балалар өлен оқып, бір – біріне қазақша, украинше, өзбекше, армянша және орыс тілінде таныстырды. Әр ұлттың ойындары ойнатылды.

               Республикалық акция «Ардагерлерді ардақтайық» Ұлы Отан Соғысының мерекесі қарсанында, Таран трихи - өлкетану мұражайында «Чтим и помним» акциясын өткізді. «Жас өлкетанушы» үйірмешілермен мұражай қызметкерлері ауыл ардагелер үйіне кіріп шықты.

            Соғыс ардагерлері соғыста болған шайқастарын еске түсірлі, патриотизм туралы сөз сөйледі. Балалар үшін бұл әңгімелер танылды. Мұражай қызметкерлері мен балалар ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, деңсаулык және қалған өмірлері тышынтықта болсын деп тілек білдірді.

            Соғыс жылдары ауылдарда шалдар, балалар, әйелдердің мойнына колхоз жұмыстары қалды. Әйелдер өз батылдылығын көрсетті. Бұл соғыс әскердің ғана емес, барша халықтың соғысы деп «Ұмытылмас соғыс» деген, соғыс балалары мен тылда еңбек еткендерге арналған кешті бастады. Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен ауданның Кенес ардагерлерінің төрағасы Н.Ф.Горбаньды шақырды. Балаларға мұражай қорынан Н.П.Зотова мен А.Я. Соленаяның жетім өмірінің еңбегі туралы материалдар көрсетілді.

            Кеште мұражайдың мұрағаттан материалдары соғыс жылдарының суреттері слайд түрінде,тыл адамдарының Т.А.Чермашенцева, Т.И.Соловьева, Г.Ф.Котлярованы еске алды.

            Көздерінен жас шығып соғыстың аштық кезіндегі балалық шақ туралы Р.Г.Тригубская, Д.Т.Жампеисова, В.А.Дмитриенко, Г.Ф.Котлярова айтып отырды.

            Соғыс жылдары ауыр кезендері туралы, еңбек еткендері, Жеңіске сенгендері туралы сұхбат жүргізді. Такпақ оқып, өлен айтылды.

            17 мамырда халықаралық мұражай күніне арналған Таран мұражайында «День открытых дверей» атты және «Руками трогать» акциясы өтті. Қор коллекциясынан заттарды қарап қана қоймай, әскери кездегі шинель мен пилотканы киіп көруге, пластинка тындауға, жазылатын машинада мәтін теруге болатын. «Таран ауданы археологиялық табу» экспозициясынан балалар өздерін археолог рольінде байқады. Арнайы жәшікте құммен жабылған, арнай артефакты табты. «Киіз үй» экспозициясында келушілерге үйдің қожайыны ретінде өздеріне сезіндірді. Қыздар «нан- тақтайда» бесбармақ үшін нан жайды. Балалар бидайды диірменге салып ұн алды. «Қаңыс аударушы үйінде» балалар рушникпен өтектеп, самаурынан шай ішті, орыс тарелкесінен. Өздерін пионер құсап, галстук тағып, пилотка киіп, барабанда ойнап, сезінген болатын.

            Үш жыл бойы 18 нен 19 шы мамырна қарай 20:00ден 00:00 дейін Таран мұражайында «Мұражай түні» атты акциясы өткізді. Қызметкерлер ерекше бағдарлама тапты. Экскурсиларда әр түрлі кезеніндегі адамдар тіріліп, дыбыс эффектің қосып, содан мұражай заттары да тіріліп көрсетілді. Осы акция көпшілік жұртты қызықтырды.

            Өткен жылы 6 маусымда ауыл алаңында «Біздің рәміздер – біздің мақтанышымыз» атты акция Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздеріне 20- жылдығына орай және мұражай қызметкерлері мен «Таран аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»ММ бірге маңызды шара өткізді. Орталық алаңда мұражай қызметкерлері ауыл тұрғындарына белгі мен көк түсті лента және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат ұсынып, мемлекетттік рәміздер туралы сұхбат жүргізді.

            Қатысушыларға викторина өткізді, викторина барысында қатысқан балалар өз мемлекеттік рәміздері туралы, ту кандай түсті, елтаңба элементтерін білді және де келушілер «Қасиетті рәміздер» деген фотоқұжаттық көрмені көрді.

            Жаз кезінде балалар демалысқа шағады, балалар сауықтыру алаңына шыққанда, солар үшін шалалар өткізіледі. Жазғы кезде «Сәлеметсінбе жаз» деген мұражай мерекесі ашылды. «Сәлеметсінбе жаз» мереке театралдық түрде көрсетілді, онда Врака – забияка, Клоун Смешкин және жүргізуші болды. Жаздың бірінші күнінде балалар ойын ойнап, жұмбақтарды тауып жаз туралы өлен, тақпақ айтты.

            «Бояулар мерекесі» тағы да балалар үшін мереке өтті. Балаларға әр түрлі ойындар мен конкурстар ұсынылды. Барлығына жұмбақ шешумен ойын ойнауына қызық болды. Жұмбақтар баланын ой қабілетін, есін кеңейтеді. Ең қызықты тапсырма балалар үшін Лев Толстойдың «Три медведя» суретін құру еді.

Жазғы кезде барша көпшілік қызметі аудан мектеп сауықтыру алаңына бағытталған. Бұқаралық шалалар әр түрлі болды, солардың ішінде «Лето время каникул», «узнай экспонат», «Астана жас қала» танысу сағаты, ойын сауық «Ертегіге шолу» ертегілер тарихы. Балалар викториналық жарысқа қатысып, қызығушылықты танытты.

            1 қыркүйек білім күнінде Б.Майлин атындағы 3 сынып мектеп оқушыларымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және мемлекеттік рәміздеріне 20 жылына арналған «Біз өз елдің балаларымыз» атты интерактивті – танымдылық сағаты өтті. Ойын түрінде балалар өз елінің байлығы, мемлекеттік рәміздер туралы, Қазақстан Республикасының Конституциясы құжаты туралы тындады. Шара барысында Мыс тауынын Ханшайымы келіп, крассворд шешкізді, басты сөзі «Астана» болды. Ойын кезінде балалар құқығы туралы гүл құрды.

            Оқу жылының басында мұражай қызметкерлері мұражай сабақтарында, балаларға өз мемлекетіміздің заңы туралы түсіндірді. Сабақ аяғынды балалар Қазақстан Республикасының азаматы, жеке дара құқылы болуға, тегін білімге, медицинаға құқылы екенін түсінді.

            Жыл сайын Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай мектеп оқушыларына «Под единым шаныраком», «Язык ключ к познанию души» және интелектуалдық ойындар «Ана тілін сақтандар,ана тілін ақтандар» деген шарадар өткізілді. Шараның мақсаты тілдер туралы білімін артыру, дәстүрін , салтын білу. Туған тілі мен мемлекеттік тілге махаббатын тәрбиелеу. Мереке барысында 0 сынып оқушыларына «Менім туған өлкем» атты тематикалық экскурсияны ұйымдастырды. Балаларды өлке табиғатымен, дәстүрімен Қазақстан халқының заттарымен таныстырды.

            Қарашаның ортасында мұражайда Б.Майлин шығармашылығы мен өміріне арналған Майлиндік оқулар, әдебиеттік сағаттар, конференциялар, еске алу кештері өткізілді. Б.Майлин  атындағы Таран орта мектебінің 6-7 сынып оқушыларымен Б.Майлин экспозициясында еске алу кеші өтті. Балалар жазушы жерлесіміздің өмірбаянымен танысты. Кеште Б.Майлиннің отбасы фотоқұжаттары, шығармашылық қызметі, айыптау мен ақталған құжаттары слайд түрінде көрсетілді.

            Өткен жылы маңызды шаранын бірі 30 қарашада біздің Президентке арнадған Н.Ә.Назарбаев экспозициясында «Он делает историю» кітабін мектеп оқушылармен талдады.

Шара барысында балалар Президенттің үлкен тарихи атағы туралы айтты. Оның қарамағында ұлттық валюта еңгені, экономикалық- қаражатты система пайда болды. Қарулы күштері, 2030 Стратегиясы өнделгені туралы айтып отырды. Президентіміз Семей ядролық полигонды жабу туралы қаулы шағарды. «Тәуелсіздік символы»монументін ашқан жіне т.б.

            Тұңғыш Президент экспозициясында «Менің Қазақстаным» атты виртуалдық экскурсия өтті. Тәуелсіз қазақстанның Түңғыш Президентттің өмірбаяның көрсетті. Түңғыш Президентттің басты рольін белгіледі. Экскурсия жетекшісі материалдарға жүгініп Қазақстан туралы, Жас республиканынң қалай көтерілуі туралы, табыс пен елдің жетістіктерін айттып өтті. Экскурсия Қазақстан және Республика астанасы туралы слайдпен аяқталды.

            Қазақстан Республикасының Түңғыш Президент күніне өткен шарада мұражайда 172 адам келді.

            Мұражай шаралары мұражай экспозициясынын, қор коллекциясынан, өлке халқы мен тарихына жүгініп негізін қалайды.

 

Ынтымақтастық пен квалификацияны жоғарлау

            Мұражай қызметкерлердің жұмысынынң мақсаты мұражай заттары мен құжатты материал арқасында, жас өспірімдерді тәрбиелеу. Сондықтан «Б.Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайы» ММжылдан жылғы ауданның білім беру мекемелерімен жұмыс атқарады.

            Жылдан жылға облыс мұражайымен тығыс байланыста болады. Жыл сайын Лисаковск мұражайы біздің келушілерге жылжымалы көрмені ұсынады.

            Өткен жылдың наурыз айында облыстық тарихи - өлкетану мұражайында ғылыми қызметкерлер үшін «Мұражай және археологиялық мұра» аттты семинарына қатысты. Мамыр айында бас есепші МСФООС оқуымен мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есептеуі бойынша қурсын өтті. Маусым айында экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 20 – жылына арналған маусымдық оқуына қатысты. 17 мен 19 маусым аралығында қор сақтаушы А.Иманов мемориалдық мұражайына «Совместная деятельность музеев и учреждений образования по воспитанию и развитию личности: опыт, проблемы, перспективы» темасы боынша Аманкельдіге өткен оқу семинарына қатысты. 2012 ж 30қазаннан 4 қарашаға дейін диреткор Астана қаласына ЮНЕСКО/ ИНКОМ аймақтық тренинге қатысты. 30  қазанда мұражай қызметкерлері Рудный қаласына «Музейная деятельность в формировании современного культурного пространства региона» семинарында болды. 24 желтоқсанда Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында семинарына да қатысты.

            Барлық оқу семинарлары, курстар мен тренингтер мұражай қызметкерлеріне жаңа білім беріп, мамандықтары бойынша жұмысын кеңейтеді.

 

БАҚ мен жұмысы

            Өткен жылы Таран мұражайында аудан газеті «Шамшырақ Маяк» бірге жақсы қатынаста болды. Жыл бойы 20 мақала шығарды, сонын ішінде: «Танымды кеш», славян мерекесінің дәстүрі туралы, «Көненің көзі», «музейная коллекция» мұражай қоры туралы, «Ночью оживают экспонаты», «Мұражай –ел шежіресі», «Ночь открытых дверей», «Суперпоездка землячек» экскурсия туралы, «Теплая встреча в музее»», «Наши сокровища», фотовыставка « вот такие детки» мұражай көрмесі туралы, «Посещая заветные места» облыс суртешілер туралы, «фотограф от бога», «приветствуем новое поколение фонда», «Казахский Ломоносов», және т.б. Облыстық «Қостанай –Агро» газеті «мы будем вечно прославлять ту женщину чье имя –Мать» өткізілген шаралар туралы, және «наследие тарановской земли», «Знамя от Аблай –Хана кипчатским батырам», «Беркутчи», «есть билет до детства» атты мақалаларын шағырды.

            Жыл сайын әйгілі аудан мерейтойында Лисаковстан «Акцент» телеарнасы қатысады.

 

Қорытынды

            2012 жылы мұражай жұмысы шығармашылық жоспарға бекітіліп, барлық ауданның мәнді оқиғаларын және мемлекетіміздің күнтізбелік күндері санасып, қарастырады.

            Жұмыс барысында мұражай заттарын мен материалдарын жинауына ерекше назар қойып және аймақтық немесе үкіметтік бағдарламаларға да, сонын ішінде: тіл дамуы бойынша, салауатты өмір салтына, Қазақстан патриотизмның дамуына мысалы, аудан және елдің атақты адамдары туралы, ұлы батырлар, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері туралы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттінің еңбек қызметі мен атағы туралы насихат өткізді, Қазақстан мемлекетінің қайраткері Д.А.Қонаев туралы, обком партиясының бірінші хатшысы А.М.Бородин туралы, жазушы және жерлесіміз Б.Майлиннің шығармашылығы туралы, Қазақ ССР халық артісі Е.Өмірзақов туралы және Таран жерінің атақты адамдары туралы.

            Облыс мұражайы, ауыл ұйымдары, білім мекемелері, «Нұр- Отан» партиясы,аудан ардагерлер одағы, аудан мұражайы, Таран аудан ішкі саясат бөлімі, мәдениет мекемесімен тығыз байланысты.

            Өткен жылы мұражайдың материал базасы толықты, қосымша заттармен, бухгалтер үшін 170,0м.т.компьютер алынды, экспозициялық залға 49,0м.т жұмсақ орындық, келушілерге ілгіш, фойе жалюзи, 363,0м.т. Б.Майлин залына жөндеу жасалынды, Ы.Алтынсарин Қостанай облыстық мұражайынан ақысыз ноутбук, видео проектор237,6 м.т., келушілердің электрондық кіріуі үшін 250,0м.т мұражай ресми сайты ашылды.

            Мұражайда 120 см диоганаль теледидар бар, видеопроектор шараларды өткізу кещзінде қосуы және презентация көрсету үшін. Барлық мұражай қызметкерлері интернет жүйесін қосулы, сол арқылы керек ақпараттты алып, табуға ынғайлы.

            Интернет арқылы мұражай қызметкерлері жаңа түрін жұмысқа енгізеді.

Б.Майлин залына ағымды ремонт жасап, жаңа матераилдар жаңартылды.

            Келесі жылы көрме залы мен мұражай қорына жөндеуі жоспарда.

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"