Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Арнайы коллекциялар / Социалистік еңбектің батырлары
2015-03-12 09:43:00


Социалистік еңбек ерлері

 

            Жоғары өнімді еңбегі үшін Социалистік еңбек ерлері атағына мына лауазымды адамдар ие болды:

 

  1. Петренко Артем Анисимович

  2. Берлин Дмитрий Иванович

  3. Токарев Павел Сергеевич

  4. Мурзахметов Балгабай

  5. Ли Ен Бем Алексей Иванович

  6. Казачонок Александр Иосифович

  7. Сидорова Вера васильевна

     


      Ли Ен Бем

 

      Ли Ен Бем (1 қазан 1927 ж.) Социалистік Еңбек Ері - ауыл шаруашылық өндірісінің қабілетті ұйымдастырушысы. Прогрессті технологияларға және еңбекті ұйымдастыруда  көп көңіл бөлген. Ли Ен Бем 1963 жылдың мамыр айынан 1975 жылға дейін Таран құс совхозының директоры болып жұмыс істеді. Директор қызметінде жұмыс істеген уақытында 11 екі қабатты жақсы жабдықталған үйлер, үш қабатты мектеп, жаңа аурухана мен емхана, дүкен, мейманхана, бала бақша мен бөбекхана салынды.Үш Ленин ордендерімен, «Орақ және балға» алтын медалімен, және көптеген наградалар мен кеуде белгілерімен марапатталған

___________________________________________________________________________________________________

 


http://www.taran.kz/files/Kazachonok.JPGКазаченок А.И.1934 жылы 10 қазанында Витебск облысының Старцево ауылында дүниеге келді. 1951 жылы механизация мектебін аяқтап, еңбек қызметін бастады. Әскери қызмет еткен соң комсомол жолдамасымен Таран ауданының «Красносельский» колхозына тың жерін иегеру үшін келді. Александр Иосифович комбайнер, тракторшы, жөндеуші болып өз өмірінің соңғы күнге дейін жұмыс істеді. 

Жанқиярлық еңбек үшін үш Ленин орденмен, Халықаралық ынтымақ орденімен, көптеген медальдермен және сыйлық грамоталарымен марапатталды.


______________________________________________________________________________________________________



http://www.taran.kz/files/Murzahmetov.JPG

Мурзахметов Б. – 1943 жылы он жеті жаста соғысқа аттанды. Үшінші, кейін төртінші Украин фронтінің құрамында әр ұлттағы қарулас бауырларымен өз туған жерін босатты. Содан кейін Румыния, Венгрия, Чехословакияны босатуында қатысты. Ұлы Отан соғысын Кенигсберг қаласында аяқтады. 1948 жылы әскерден босатылған кейін Тобыл бекетінің теміржол көлігінің  ақашықтық жолдарының жөндеушісі болды. Оның барлық еңбек қызметі теміржолмен байланысты болған. Оған 1981 жылы Социлаисттік еңбек қаһарманы атағы берілді.



___________________________________________________________________________________________________


11Берлин Дмитрий Иванович 1904 жылы 6 ақпанда Полтав губерниясының Ряская волосының Усть – Ляпинка ауылында кедей - шаруа отбасында дүуниеге келген. 1916 жылы бір уақытта әкесі мен анасы (тифтан) қайтыс болған. Сол уақыттан бастап Дмитрийдің еңбек өмірі басталды. Үлкен апасы Анастасия, оның  асырауына қалған бес бала, оларды асырауға күші болмады. 1916 жылы ата-анасы қайтыс болған соң, он екі жастағы Диманы туыстары Қостанай облысының Федоров ауданына алып кетті.

1926 жылы Қызыл Әскердің қатарына шақырды, полктік мектебін бітіріп әскерден босатылғаннан кейін жеке Қызыл туу Кавалерия эскадронның Үшінші Түркістан дивизиясы командирінің көмекшісі болды.



11931 жылдан бастап Қостанай облысының Федоров ауданының Арал ауыл кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

- «Осында кулактар бу жармалауды бар болған, әрқайсысында жүзден астам мезгілдік жұмысшылары бар болды, Совет өкіметіне қатал қарсылықты көрсеткен, кулактар активисттерге, колхоздың кеңсесіне атқан. Осындай күндердін біреуінде мен кулактар қарсылықты көрсеткен колхозға жедел шықтым, сол жерді қоршауға алып, екі адамды ұстап алдық, қалғандары көлге, қамысқа қашты. Ал үйіме қайтып келе жатқанда мені бір топ кулактар қоршауға ала бастады, бірақ менде қару болып, амансау Аральский ауылыма жеттім...».

101938 жылы Қазақстанның Обаған аудандық комитет партиясы хатшысыныңғ қызметіне тағайындалды. 1945 жылдан бастап 1948 жылға дейін Қазақстанның КП Қостанай аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті.

1949 жылдан 1957 жылға дейін Таран аудандық комитетінің бірінші хатшысы ретінде қызмет етті және сол жылдары ауданда тың және тыңайған жерлерді меңгерудің шаруашылық және саяси міндетпен игере алатын өте жақсы кісілер өскен. Жан-жақтан мыңнан астам қоныстанушылар, әсіресе жастар келді. Тұрғын үйлермен, тамақтану, сауда-саттықпен, құрылыс пен қиыншылықтар аз болған жоқ.

5Д. И. Берлинның естеліктен: «Ауданға көптеген механизаторлар тағы басқа мамандар мен қарапайым адамдар, көбісі отбасыларымен келді, олардың барлықтарын орналастырып, жұмыспен қамту, қажет жағдайларды жасау керек болды. Ауданға көптеген техника келіп, оны қабыл алып құрылып жатқан совхоздарға жеткізу керек болған. Бұл бәрі үлкен қиыншылықпен байланыс болған. Осының барлығы үлкен қиындықтармен байланысқан болатын. Бірақ та адамдар қиындылықты жеңіп алуға батылдықпен қадам атты және оларды табысты жеңіп алды ...».

7 Оларды жеңіп алуда ауданның партиялық ұйымы адамдарды рухтандырып, қойылған міндеттерге жетуіне бағыттап, оларға қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп және тың наны үшін шайқаста социалистік жарысты басқарды.

1954—1955 жылдарн ішінде Таран ауданының колхоздары мен совхоздары 276 мың гектар тың игерді. 1956 жылғы көктемдік егіс 10 – 15 жұмыс күнінде - қысылған мерзімде аяқталды. Сонымен қатар агротехниканың ережемен қатал сақталды, ал кейін егіске ұқыпты күтү қамтамасыз етілді. Нәтижесінде бай егіс өндіріп алынды. Жоспар бойынша 8,2 центнер, аудан бойынша ортанша бір гектардан 16,8 центнер дән жиналған. Бұл 329 мың гектар ұлан-байтақ алаң болатын. Аудан мемлекет қоймаларына 24,2 миллион пұт нанды салып, дайындау жоспарын 272,1 пайызға орындады.

Ауданда Дмитрий Ивановичтың басшылығымен ең озат пен жақсыны тез қолдап іске кіргізетін. Республикада бірінші біздің ауданымызда колхоздары мен совхоздарды жаппай радиоландырып, мал шаруашылығында көп еңбекті процесстерді механизациялау бойынша жұмыстарды кең жайды, ауданның колхоздарында және совхоздарында Қазақстандағы ең жақсы механикалықтандырылған қырмандар салына бастады. Даралап астықты жинау тәжірибесін зерделеу үшін облыстан бірінші болып тарановшылар Ставропольский аймағына шықты.

КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1957 жылғы 11 қантардағы Жарлығымен Дмитрий Иванович Берлингең Социалисттік еңбек қаһарманы атағы берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында Дмитрий Ивановичке - Лениннің ордені мен «Серп и Молот» алтын жұлдызын табыстағанда, ол алдағы уақытта да Отанның игілігі үшін күшті аямай еңбек етуге ант берді. Коммунистың сөзі іспен айырылмады. Кейінгі жылдары Д. И. Берлинге партия қандай да болмасын учаскені сеніп тапсырған болса, ол коммунист ар-ұят айтқандай енбек етті. Ауданының дамуында Дмитрий Ивановичтің есімі шексіз берілген еңбегі мен баға жетпес үлесі үшін өшпес із қалдырдыжасады. Бұл мақсаткерлік, екпінділікке теңелуге болады.  Ынталылық пен мақсаттылыққа еңбекқор болатын, қазір әрқайсысымыз теңесуге тұрарлық.

Дмитрий Иванович зейнеткерлікке шыққан сон Одақ маңызындағы дербес зейнеткер болды, бірақ та қоғамдық бастамасында жұмысты жалғастырды. 1980 жылдың 12 тамызында Дмитрий Берлин өмірден озды. Оны Қостанай қалалық моласындағы Батырлар Саяжолында жерледі.

2014 жылғы 6 ақпанында совет партиялық және мемлекеттік қайраткері, Социалистік еңбек Қаһарманына, Қазақ КСР Таран және Қостанай аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы  Дмитрий Берлинге 110 жыл толды.

2014 жыл бойы Таран мұражайда Д. И. Берлиннің естелігіне арналған фотоқұжаттамалық көрмесі жұмыс істеді.

____________________________________________________________________


Бір уақыттарда бұл әйелдің аты барлық елге даңқымен шықты – Социалисттік еңбек қаһарманы, Лининнің екі орденінің және үш Еңбек Қызыл Туының иегері, Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның Компартиясының ОК мүшесі, ХХIV партия съезінің өкілі, Вера Васильевна Сидорова расында да аңыз тұлға болған.


ИзображениеВера Васильевна 1934 жылдың 15 тамызында Воронеж облысы Чигольский ауданының Верхняя Тишанка ауылында өмірге келді. Вера Васильевна әжесі – Анастасия Федоровна Макаровада (анасының анасында) тәрбиеленді. 1941 жылы жергілікті ауыл мектебіне барды. Бірақта сол бақытсыз кезеңде баланың асыл балалық армандарымен оқуы үзілді. Өйткені немістермен Ұлы Отан соғызы басталды. Тек қана 1943 жылы Сталининград манында 1 сыныпта оқуы қайта басталды. Осылайша мектепті 1953 жылы аяқтап, содан сон Казань ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, оны 1958 жылы бітірді.



http://www.caravan.kz/images/cache/article_main/18489.jpeg Казань ауыл шаруашылық институтын бітірген соң 1958 жылдың көктемінде комсомолдық жолдамамен тыңға келді. Вера Васильевна Қостанайда, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында одан қайда жұмыс істегіңіз келеді деп сурағаның еске түсірді. «Мен картадағы ормандар мен көлдер бар жерге көрсеттім. ұл Боровской ауданы болып шықты». Бірақта онда мамандар керек болмады да оны Көкшетау манындағы Қарасу ауданына жіберді. Шындығында онда ормандар болған жоқ, бірақта саз батпақпен және екі көл болды.

Вера Сидорова (онда әлі оның қыз кезіндегі тегі – Лазукина болатын) Қостанай облысының Жамбұл совхозының бірінші бөлімшесінің агрономы болды.

Көп ұзамай Вера Вастльевна совхозда агроном-экономист болды. Кейін аудандық комсомол комитетінің ынтасы бойыншажас агроном Вера Лазукина аудандық комсомол комитетінің бірінші төрайымы болды. Оған сеніп тапсырылған існе жан ашитын және ол жауапты, байсалды адам болатын. Сондықтан да Вера Васильевна жоғары өрлегені: Қостанай комсомолының облыстық комитетінің екінші, содан сон бірінші хатшысы болғаны таңданарлық емес. Одан кейін жоғары саты – Таран, кейін - Қостанай аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы.

Жылдар өтіп бара жатты және Вера Васильевна қожайын болған аудандар озықтардың санындағы айнымас есебінде болды, ал өзі өзінің облысыныда ғана емес атақты және беделді адам болды. «Күндердін бір күнінде, - Вера Васильевна еске түсірді, - мені өзіне Димаш Ахмедович Қонаев шақырып айтты: «Обком партиясының екінші хатшысы ретінде Уральскке барасын». Мен оған: «Әкемдей өтінем, аяңызшы, мен бара алмаймын. Біріншіден, маған туғанымдай болып http://www.caravan.kz/images/cache/article_main/18488.jpegкеткен Қостанай облысынан кетким келмейді, ал екіншіден обком партияның екінші хатшысы ретінже жұмыс істей- бұл өте қиын. Егерде менің қолымнан келмесеші?» Ол маған: «Мен білем, ал сен қызым сияқты борышынды орында».

Вера Васильевна үшін - өз борышын орындай бұл қарапайым жұмыс болатын. Үрей үшін емес, абырой үшін қызмет етті. Кездейсоқ емес, ұзамай оны Қазақ СРО Жоғарғы Кеңес Төралқасы төрағасының орынбасары етіп сайлады. Мәліметінше партиялық шеңберлерде әйелдер көп болмайтын. Сондықтан да адамзаттың мықты жағынан ол әрқашанда қысым сезінетін. Бірақта, билік басындағы ерлер Вера Васильевнаның сіңірген еңбегін мойындады.

Бірақта, осы барлық жеңістердің артында - күні-түні уайым-қайғы, он жылдық қажырлы еңбек тұрғаның аз адам білетін. Нан үшін. Осы әйелді Қазақстанның бұрынғы барлық партиялық жұмыскерлері біледі, атақты Валентина Терешкова басшы болған Кеңес әйелдер комитетінің өкілі ретінде барған шетелдерге Америкада, Жапонияда және басқа да елдерге оны әлі күнге дейін ұмытпаған шығар. Жалпы айтқанда Вера Сидорованың өмірінде республиканың және Кеңестің атақты адамдармен  , оның ішінде мемлекеттік бірінші тұлғары – Горбачевпен, Қонаевпен көп кездесулер болды.


Сидорова Вера ВасильевнаВера Васильевна Сидорова Жоғарғы Кеңестен тек қана 1990 жылы Кеңес Одағының ыдырауының қарсанында кетті. Бірақта жылдарға ақарамастан әлі күнге дейін белсенді жұмыс істеп келеді: республикалық әйелдер кеңесіне, Алматы  қалалық ардагерлер Кеңесінің құрамына кіреді.

Вера Васильевна Социалисттік еңбек қаһарманы, кеңестік маңыздағы зейнеткер. Жасын жасымайды, бұдан артық жасынафилософиямен және әзіл-сықақпен қарайды. Керемет көрінеді, энергия мен сүйкімділікті таратады. 




 

 

 





























© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"