Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Конақтарға
2015-02-13 16:30:00

Таран селосының тарихы

       Жиырмасыншы ғасырдың бірінші онжылдығында патша үкіметі шаруаларды Сібір мен Қазақстанға жаппай көшіре бастады. Сол уақыттан бастап, тобыл маңының  даласы, құнарлы жерлері, таза сулары мен таза ауасы туралы атақ, бүкіл Орталық Ресей, Украина, Поволжьеге тараған болатын. Шаруалырдың басыбайлылық құқықтары жойылғаннан кейін жерсіз шаруалар осылай қарай ағыла бастады.

            Осылайша, 1879 жылы Воронцов-Дашков Қостанайда ат зауытының құрылысын бастайды, ал жерсіз және жері аз шаруалар Әйет пен Жоғарғы Тобыл өзендері жағалауына шоғырланып орналаса бастады.  Сөйтіп, қоныс аударушылардың алғашқы кенттері пайда бола бастады. Калашников отырған шағын қыстақтан Асенкритовка деген украин селосы, ал Виктор деген шаруаның қыстағынан кейіннен Таран селосы деп аталған Викторовка деген село өсіп-өрбіді.

            Тарихшылардың пайымдауынша, біздің селомыз Әйет өзеннің оң жағалауында, аудан аумағының шығыс жағында 1903 жылы құрылған. 

            Таран селосының орнында, қаулаған қалың шөптің арасында түрлі құстар мекендеген, тереңдігі 11метрге жететін Әйет өзені ағып жатқан иесіз дала болатын.  

            Жазда бұл жерге үйірлі жылқы, табын-табын қой, ешкілерін айдап, көшпелі қазақтар келетін. Олар қоныс орындарын үнемі айырбастап отыратын. Жығып, тігуге  ыңғайлы жеңіл киіз үйлер, көшпелі өмірге сай жиһаздар жайлаудан қыстауға көшуге өте қолайлы болатын. Көшпен бірге малдарды да айдап әкететін, себебі көшпелі қазақтардың негізгі күнкөріс көздері мал шаруашылығы болатын.

            Қоныс аударушылар келгеннен кейін бұл жерлердің аумағы күрт өзгерді.

            Жер үйлер салынып, селомыздың бірініші Набережная, Калинин, Комсомольская көшелері пайда бола бастады. Уақыт өте келе Викторовское селосы ұлғая бастады. Мысалы, 1914 жылы селода 200- дей үй болды. Қызмет түрлері де өзгере бастады. Келімсектер өздерімен бірге жер өңдеудің ғасырлар бойы жиған тәжірибелерін ала келді: бидай, сұлы, тары егіп, қарақурай мен зығыр өсіріп, кейіннен олардан жіп иіріп, мата тоқып, киім тіге бастады. Үйлер тұрғызып, малдар үшін қора сала бастады. Астық өңдеу үшін диірмен, кептіргіштер сонымен қатар, майжуаздар салып, былғары шеберханаларын аша бастады. Әйет өзенінде мекендеген балықтар мен шаяндар қосымша қорек көздері болды. Көптеген келімсектер жаңа жерге қоныстанып, аяқтарына нық тұра бастады. Келе-келе Қостанай мен Троицк қалаларының жәрмеңкелерінде өткізілетін сауда да дами бастады. Бұның бәріне біздің ауданның Орта Азия мен Оңтүстік Оралдың сауда жолында орналасқаны да бірден-бір себеп болды. 

            Ағалы-інілі Якушевтер біздің өлкеміздің дамуына көп үлес қосты. Олар шаруалардан сатып алған ет пен құстарды сақтайтын үлкен жер төлесі бар дүкен салды. Өнімдердің бәрі Троицк жәрмеңкесіне жіберілетін. Ауылдарда да шағын дүкендер ашыла бастады.

            Қатты құрғақшылық әкелеген 1911 жыл Викторовское селосының тұрғындарының есінде ерекше қалды. Бұл жергілікті тұрғындарға өте қиын соқты, олар аштан өлмес үшін жалданып жұмыс істей бастады.

            Осы уақытта аса пысық шаруалар да ерекшелене бастады, олардың отбасылары өнеркәсіп пен сауданы өркендете бастады. Мысалы, Пётр Мельников екі жел диірмен салды, бұл оған  кейіннен бу диірменін салуға мүмкіндік берді. Александр Головенко 2000 бас құсқа арнап құсхана салды. Ағалы-інілі Простьянскийлер ғимарат салып, жүн және шұға басатын жабдықтар орнатты. Семинозов пен Шаповалов өздеріне тары шапқыш пен май шайқағыш орнатты. Пономаренко мен Брагинец пима басумен шұғылданды. Николай Пронькин мен Пётр Головенко мал шаруашылығымен айналысып, оның өнімдерін сата бастады. Дегенмен, Викторовское селосының көптеген еңбексүйгіш шаруалары ерлер басына берілген отыз шаршы метр жерлерінде өз қажеттіліктері шектерінде шаруаларын жүргізе берді. Бұл телімдері жетпейтіндер Әйет өзенінің ар бетіндегі жерлерді жалға алып, бақша өнімдерін, көкнәр, күнбағыс, қарақурай мен зығыр отырғызған.

            1914жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты, жауынгерлерді мобилизациялау басталды. Селода қарттар, әйелдер мен балалар ғана қалды. Олар жер жыртып, егін екті, бидай орып, қырман бастырды.   Осы уақытта астыртын жұмыс жүргізушілер жауынгерлерді соғысты тоқтатуға үгіт  жұмыстарын жүргізе бастайды. Жауынгерлер арасында насихат жұмысын біздің селомыздың тұрғыны Евгений Николаевич Тараев та жүргізді.

            1916 жылы және 1917 жылдың басында жауынгерлер соғыстан үйлеріне қайта бастады. Тұрғындар арасында помещиктерге бағынбау орын ала бастады.

        Кентте сәудегер Якушевтің бір ғана дүкені мен Петр Головенко, Фома Шакиров және Александр Брагинецтің үйлерінен сататын дүкендері болды, бұлар селоның мәдени орталығы іспеттес болған, осы жерден тауар сатып алғанда викторовтықтар  басқа жерлер мен елді мекендер туралы, олардың немен шұғылданаты мен шеберліктері туралы біліп отыратын. Осы дүкендер арқылы түрлі қаңқау сөздер мен Ресейден келген әдебиеттер де өтіп жататын. Селодағы екі сыныптық мектептің  директоры В. А. Трёшкин болды.

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"