Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Өңір шежіресі / Тарихтың беттері
2015-02-16 19:50:00


Тобыл бекетінің тарихынан



Тобыл бекетінің құрылысы 1939 жылдың шілде айынан басталды. 1939 жылы алғашқы көшпенділер келіп, қазық қағып бірінші құдық қазған. Адамдар ат-арбаға құм тиеп шойын жолды көтеру үшін аянбай еңбек етті. Қатты жел бетке ұрып арбалардың доңгелектері батпаққа батып, қиналған аттар кейде адамдарды  тындамайтын еді.








        Бірақ шойын жолдың құрылысының маңыздылығын түсінген еңбеккерлер ешқандай қиыншылыққа қарамай жұмыс істеді. Құрылысшыларға қысқа мерзімде далада, жолсыз жерде, суыққа қарамастан ештеңе жоқ мынандай далада техникалық – жабдықтау базасын салып, баллас, тас алатын карьер жасап, 14 млн. шаршы метр жерге құм төсеп, 806 шақырым кәдімгі жолды салу мақсаты тұрды.


         1939 жылдың аяғына қарай Ақмола – Қарталы бағыты бойынша жұмыс пойыздарын жүргізу керек деп үкімет талап қойды.


         1939 жылдың жазы Тобыл бекеті мен поселкісінің туған жылы деп есептелді. Бекет көлдері бар батпақты жерге салынды. Жол салуға құм тасуға ауыл адамдары көптеп келіп көмектесті.


         Географиялық жағдайына қарай Тобылға сол кездегі бу паровоздарды 120-140 шақырымға дейін жететін көмір мен су ала-алатын еді. Сондықтан да бекет осы жерге яғни Құсмұрыннан 147 шақ, Қарталыдан 142 шақырым жерге тең ортаға салынды.


        1941 жылдың 13 қазанында Красивая бекетінде Есіл мен Құсмұрынның ортасында шойын жолдың соңғы полотносы қойылып 14-ші қазан күні Тобыл арқылы бірінші поезд өтті.


Тобыл арқылы Ақмола – Қарталы жаңа жолы Ұлы Отан соғысы кезінде қорғаныс ретінде үлкен маңызы болды. Қарағанды көмірі кедерсіз Оралға және басқа да еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізілу керек еді, ол үшін жолдың пойыздары өту мүмкіндігін арттыру керек болды.


         Соғыс аяқталғаннан кейін күн тәртібіне Ақмола – Тобыл бағытының екінші жолын тез арада салу мақсаты койылды. Бекеті және оның адамдары соғыстан қирап бұзылған шаруашылықтарды қалпына келтіруге ат салысты. Теміржол транспортын қалпына келтіру, жаңарту, техникалық жабдықтау алпысыншы жылдардан бері жақсы қолға алынды. Тобыл бекетінде жаңа электровоз деп осы электр жабдықтау орталығы үлкен элеватор салынып жаңадан салынған бес этажды үйлердің пәтерлерін бекет адамдары салып қуанып жатты.


         Бүгінгі күні Тобыл бекеті жоғары өткізу қабилеті бар 1 – классты бекеті болып есептеледі. Бекетінде жаңа қондырғылар қойылғаң жұмыс орындары компьютерілген. Бұл жерде тамаша адамдар еңбек етті әлі де еңбек етуде.






© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"