Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




ҚР мемлекеттік рәміздері
2013-07-12 17:56:00

 

«Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің, мемлекетіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан Тәуелсіздігінің біріккен ардақты бейнесін білдіреді. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет қазақ халқының абыройы мен күшін куәландырып, жоғары азаматтық пен отансүйгіштікті білдіреді».

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата. Көгілдір түс – түркі халықтары үшін дәстүрлі түс. Мемлекеттік туда ол шексіз аспанды бейнелейді және жалпыға ортақ тыныштықтың, бейбітшіліктің, бірліктің символы б.т. Шұғылалы күн өмір мен күш-жігердің, қуаттың бастауы. Барлық 32 күн шапағы молшылық пен ырыстың негізі – дән түрінде берілген.

 

           Мемлекеттік тудың авторы – белгілі дизайнер, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 

 

 

 

 

 

 

Елтаңба шеңбер түрінде берілген, ол шексіз өмірдің бейнесі. Елтаңбаның негізіне шаңырақ алыңған. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Киіз үйдің зеңгір көкке самғаған түндігі ашық аспан аясындағы жарқыраған күнді еске салады. Шаңырақты айнала шаншылған уық өмір мен жан жылуы – күн шапағы іспеттес. Шаңырақтың айқыш-ұйқыш күлдіреуіштері Үш Жүздің бірлігін аңғартады.

Герльдика тілінде авторлар қазақтың бейбітсүйгіштігін, дарқандылығын бейнелеп, республика халқын бір шаңырақ астында өмір сүруге шақырады.

Елтаңба композициясындағы тағы бір белгі – алтын қанатты, аймүйізді таңғажайып пырақтар – тұлпарлар. Олар жаулармен шайқаста көрінетін арыстанның батылдығын, қыранның көрегендігін, егіздің күшін, еліктің жылдамдығы мен жүйректігін, түлкінің айлакерлігі мен тапқырлығын бейнелейді. Пырақтардың алтын қанаттары сонымен қатар алтын дән мен масақты, яғни еңбекті, құт-берекені, ырыс-молшылықты еске салады.

Елтаңба маңдайшасындағы бес бұрышты жұлдыз бүткіл бес құрылық өкілдеріне жүрегіміз бен құшағымыз айқара ашық деген ойды қуаттайды.

Елтаңбада алтын түс пен көгілдір түс әсем үйлесім тапқан. Алтын түс еліміздің жарқын болашағына сәйкес келеді де, көгілдір түс аспан әлемінің барша халыққа ортақ екендігін, Қазақстанның бейбітшілікке, ынтымаққа, достық пен бірлікке ұмтылысын білдіреді.

 

            Елтаңба авторлары сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

 

 


 

Қазақстан Республикасының әнұраны – сонау 1956 жылы жазылған, халыққа кең таралған танымал «Менің Қазақстаным» әні. Енгізілген өзгертулер аталған туындының мемлекеттік Әнұран мәртебесіне сай болуына мүмкіндік берді. Әнін жазған композитор Шәмші Қалдояқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов (1956), Нұрсұлтан Назарбаев (2005).

           Сонымен қатар Әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілген. Қазіргі уақытта Әнұран орындалғанда, ресми іс-шараларға қатысушылар орындарынан тұрып, оң қолының алақанын сол жақ кеудесіне, жүрек тұсына қоюы керек

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазған: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Слова: Нурсултан Назарбаев, Жумекен Нажимеденов

Музыка: Шамшы Калдаякова

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы

 



© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"