Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
» 
Қазақ халқының киіз үйінің заттары этнографиялық жинақ
» 
Қазақстан халқының этнографиясы
» 
ҰОС қатысушылардың жеке ататегі құжаттардың коллекциялар
» 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері
» 
Суреттер галереясы
» 
Басқа коллекциялар
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Тізімдемелер / Қазақ халқының киіз үйінің заттары этнографиялық жинақ

   - 1 -
корсетілген:
...
   16-02-2015 20:09    



     Мұражайдың ең басты мақсаты халықтардың тұрмысын, өмірін бейнелеу. Бұл жерде қазақ елінің үй ішіндегі ыдыс-аяқтар, ағаштан ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасыр басындағы керемет заттар бейнеленген.

           Қазақ халқының тұрғын жайы материалды мәдениеттің керемет ескерткіші. Олар қысқы және жазғы болып, үлкендігімен, құрылысымен ерекшеленген.  Жаз мезгілінде қазақтар жеңіл тұрғын үйлерде тұрған, ал қыста – әрдайым жылуды сақтайтын: «ағаш үй», «жер үй», «қаратам», «шошала» үйлерінде тұрған. Киіз үй киізден және ағаштан жасалатын жиналмалы тұрғын үй. Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол — талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Ал шаңырақ болса – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Ал, уық кереге мен шаңырақты жалғап тұрады. Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты. 12 қанаттан тұратын Киіз үйдің аумағы 100-120 шаршы метр болған. Он екі, он бес, жиырма қанаттан тұратын киіз үйлер XII ғасырдан XIX ғасырдың басына дейін қолданылды.
Керегенің әр торының ортасы жағынан майысқан 36 «сағанақтан» тұрады, Торлар екіге бөлінеді: кішілеу «тор көз» және үлкендеу «желкөз». Киіз уйдің тікбұрышты пішінді кіру есігі оңтүстікке қарайды. Екі есіктен тұратын кіру есіктері ою-өрнекпен қапталған. Қаңқасының сыртқы жағы – шымшы бұтақшасынан жасалған ши тоқымамен қапталған. Шидің сырты киізбен қапталған. Күмбездің ортасынан туырлықпен, шаңырақтан жерге дейін үзіктер қаптаған. Киіз жабындары оюлары бар белдеулерге байланған. Киіз үйдің күмбезі ілулі текеметтермен, түрлі – түсті иірілген жіптермен безендірілген.
     Өзінің құрылысына сай киіз үйлер 3 – ке бөлінген. Қонақтарға арналған киіз үйлер, үлкен көлемімен және байлығымен ерекшеленген. Тұрғын үй болып саналатын киіз үйлер кішірек
болған. Кішкене сапарға шыққанда алынатын киіз үйлер бір түйенің немесе бір жылқының үстінде тиелетін болған..      Қонақтарға арналған киіз үйлер 12 қанаттан тұрады. Сондай-ақ жібекпен немесе ақ киізбен қапталған. Ең әсем киіз үй болып некелік киіз үйі «отау» болып саналады.     Сапарға шығатын киіз үйлер әскери сапарларға немесе мал бағушыларға арналған. Ең қарапайым жылжымалы тұрғын үй – «күрке», конусты қойылған уықтан тұрып, киізбен қапталған. Әдетте сапарларға 3-4 кереге-уық торынан тұратын «жолама үй» қолданған.
     Бұдан басқа, қазақтар дөңгелектері бар жылжымалы «күймелер» болған. Ол матамен немесе түр-түсті терімен қапталған. Күймеде әйелдер мен балалар отырған.
    

Киіз үйдің орталығындағы «ошағы» тамақ пісіру және салқын кезде жылу беретін орын болған. Кіру есігіне қарама-қарсы «төр» қонақтарға арналған орын орналасқан. Есік алдындағы аумақ «босаға» деп аталған. Кіру есігінен оңға қарай ыдыс-аяқтар, сол жақта ат-саймандары орналасқан. Босағадан оңға қарай «шымылдықпен» бөлінген қожайынның төсегі орналасқан.     Қазақстанның солтүстік және солтүстік – шығыс бөлігіндегі тұрғын үйлер ағаштан, тастардан, кірпіштен және шымнан жасалған. Оларды «жер үй», «кірпіш үй» материалына сай атаған. Үйдің аумағы қожайынның байлығынан және отбасының құрамына байланысты болған. Бір бөлмелі үйлер «шошала» немесе «тошала» деп аталған.     Көріп отырсаңыздар жартылай көшпелі қазақтың үйі де, заттары да көшуге ыңғайлы болу үшін жасалған сияқты..
     Киіз үйдің тұрмыс заттары неше-түрлі ағаштан, теріден, киізден, текеметтерден тұрған. Ең көп тараған киізден жасалған «текеметтер», «сырмақпен» ойылған оюлары бар, кішкене тоқылған текеметтер «кілем». Кілемдердің 2 түрі болған: «тақыр кілем» және киізден «түкті кілем». Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – тұскиiздерi, тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кестеленген әдемi өнер туындысы. Тұскиiздi қазақтар әдетте керегеге керiп, төсектiң тұсына iлген. Оның «тұскиiз» аталуы да «тұс» деген түбiрден шыққан. Ол киiз үйдiң iшiне сән берiп, әрi суықтан қорғаған.     Ыдыс-аяқтар «аяқ қап» сөмкесінде, «шабаданда», және екі қалталы «қоржын»
сөмкелерінде сақталған. Әрине әр киіз үйдің ішінде «сандық» болған. Ағаштан жасалған «жүк аяқ», азық-түліктерге арналған қораптар «кебеже», ілгіштер қашалған оюлармен безендірілген.





   »   
   - 1 -
корсетілген: ...


© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"