Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Арнайы коллекциялар / Таран жерінің ақындары
2015-03-11 16:37:00

Слободчикова Лидия Сергеевна

 

1938 жылдың 29 маусымында Қостанай облысы Таран ауданының, бұрын Аман – Карағай совхозының Нагорный ауылында өмірге келді. Сол жерде мектепті бітірді. Совхозда комсомол ұйымының хатшысы болған. Рудный педагогикалық училищені бітірді.

Ауылды ұласқан, құламалы бейнелі жағалаумен «Тобол» өзені, шексіз боз дала, тың иегеру, еліктіретін мектеп әдеби сабақтары, туған ауылының адамдары мен табиғатпен тығыз байланысы Лиданың көңіл күй жағдайының қалыптасуына игілікті ықпалын бере алмады. Оның дәптерінде алғашқы өлеңдер мен әңгімелер көріне бастады, Асенкритов орта мектебінде бастауыш сыныптарының мұғалімі ретінде жұмыс істей бастағанда, оның шығармашылығымен «Шамшырақ» аудандық газетінің оқырмандары танысты. Газеттің беттерінде «Танькины мысли», «Кузнечик», «Баба Катя и баба Тася», «Обида», «Обратный путь», «Октябрь, месяц осенний» әңгімелері және оның көптеген тамаша сырласу өлеңдері жарияланды. Ол «Степняк» аудандық әдебиет бірлестігінің мүшесі болған.

Лидия Сергеевна өз әдеби шығармашылығын қызметін «Колос» совхозының бірінші бөлімшенің басқарушысы болғанда да және өмірінің соңғы күндеріне дейін жалғастырды. Оған Таран ауданының әйгілі ақындары Л. В. Сичко және А. А. Никулякпен жұмыс істеді.

Лидия Сергеевна туралы жарық есі адамдарға шығармашылық мұраға қалдырған өлеңдері мен әңгімелері әрқашан да жерлесітеріміздің, достарының және, табынушылардың жүректерінде өмір сүреді.

__________________________________________________________________



                                                          Хино Иван Владимирович


  Иван Владимирович 1939 жылдың 2 мамырында Брестск облысы Баранович ауданының Калдычево ауылында дуниеге келген. Ата – анасы немістермен соғысында қаза тапқан соң, балалар үйінде тәрбиеленген.

Техникумды бітіріп ол  1960 жылддан бастап журналистикамен айналысты. Оның өлеңдері 1961 жылы жарық көрді. «Комсомольская жизнь» журналында, Белоруссия, Ресей, Қазақстанның облыстық, қалалық және аудандық  газеттерінде жарияланған. 1970 жылы Смоленск облысынан Қазақстанға келді.

 Басында ол Федоров аудандық газетінде, содан соң 1987 жылдан бастап – «Шамшырақ» Таран аудандық газетінде редактордың орынбасары.

Иван Владимирович 1999 жылдың 3 мамырында кенет қаза болды. Ол тура 60 жыл өмір сүрді, оның ішінде жарты өмірі – Қазақстанның Қостанай облысының Федоров пен Таран аудандарында өтті.

Хино Иван Владимирович шың жүректен біздің жерімізді, біздің адамдарымызды сүйіп және адамдарға табыстаған киелі мұрасын құптап сақтайтын оқырмадарға жақсы таныған оларға ғажайып, жүректі елжірететің өлеңдерін арнады.

Иван Владимирович оның өлеңдері сияқты қарапайым және мейірімді адам болған. Ол әрқашан өз өлеңдерінде және оның жора-жолдастарының және разы оқырмандардың жүректерінде мәңгі бақи өмір сүреді.

__________________________________________________________________



Янцен Яков Григорьевич

 

            1952 жылы Таран ауданының «Кайранкөл» совхозының Достояр ауылында үлкен отбасында дүниеге келді. Оның балалық шағының әсері Қарасу өзенімен байланысқан, онда ол оңашада армайндауды, өлең айтуды жақсы көретін, «тақпақтарды» аяқ астынан қиыстыратын, бақлық аулайтын, ойнайтын. Өзен жағасында көп серуендейтін, бүлдірген мен қымыздық теретін. Осы әсерлері  9-ыншы сыныптан бастап жаза бастаған Я.Г. Янценнің өлең жолдарына мүләйім сыршылдықпен жатты.

            Поэзияға деген махаббатты Белинский орта мектебінің әдебиет мұғалімі Арнольд Валентинович Гюнттер ұластырды. «Бала шағынан бастап мен тұрақты сурет салатынмын, 2 әскерде болғанда да өз әуесітігімді тастамадым. Сахалаинның әсемділігі туралы жаздым, шығанақ пен шоқылардың пейзажын салатынмын. Со өлкені қатты ұнаттым, өйткені күз өз бай күйінде өте әсем - деп Яков Григорьевич айтатын».

            Әскерден келген соң Яков Григорьевич 8 жыл Абай атындағы совхозының мектептің сызу және сурет салу пәнінің мұғалім болып қызмет етті. Содан кейін ауыл турғындары оған сенім білдіріп – Ушор ауылдық кеңестің төрағасы ретінде сайлады. Үздіксіз Орынбор Бүкілодақтық заң институтін бітірді.

            Оның өлеңдері «Ленинский путь», «Шамшырақ» облыстық газеттерінде жарияланған. Олардың тақырыптары әр түрлі: махабат, табиғат туралы, Отан, еңбек туралы. Яков Григорьевич «Шамшырақ» газетімен тұрақты қызмет еткен. Оның өлеңдері оқырмандарды өз тазалығымен және адалдығымен тартады. Олар ізгілік, махаббат, достык сенімділікке шақырады. Жылдар бойы оның қаламұшы тәжірибені, кемеңгерлікті, табандылықты жиды, бірақ та сол бір әдемілік пен морттылықты, ал ен бастысы адамзаттың шуақ сезімдеріне сенімі оның ақындық жолын сақтады. Олар ойлануға мәжбүр ететін. Сондықтан да оның өлеңдері  әр түрлі жастағы адамдар жақсы көреді және олар әрқашанда оларды тағатсыздана күтеді.

            Яков Григорьевич өз өлеңдерінде жие графикалық суреттерді  қостайтын, олар толықтыратын және осы адамның дарының үлкен шамада ашатын.

            Қазіргі уақытта Яков Григорьевич Янцен Германияда тұрады, бірақта жүрегімен  өзінің нағыз Отаны-Қазақстанға; өзінің туып-өскен және өз өмірінің және шығармашылығының жақсы жылдарын берген өлкеге мәңгібақи жақын.

 



 





© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"