Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Арнайы коллекциялар / Таран жерінің еңбек сіңірген адамдары
2015-03-04 21:39:00


  

      Бейімді мұғалім

 

      ҚР еңбегі сіңген мұғалімі Каримсакова Ақкенже Каршигеновна 27 желтоқсан 1941 жылы Орал өзенінің жағасында орналасқан Калмыково ауылында туған. 1967 жылдан  қазіргі күнге дейін Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінде  еңбек етуде. Көп жылды еңбегі үшін Ақкенже Каршигеновна «Құрмет белгісімен», «Қазақ КСР халық ағарту үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері», «Мұғалім - әдіскер», «Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалімі», көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.

 

 


              


              

__________________________________________________________________________________



Слесарчук Иван Ильич 20 жылдай «Знамя Советов» совхозын  басқарды. Оның дипломат және ұйымдастырушылық қабілеті арқасында совхоз ұжымы қашан да шаруашылық өнімін тапсыру бойынша мемлекеттік тапсырмаларын орындап шығатын. Иван Ильич өз жұмысшыларына, олардың тұрмысына, мәдениеттіліктеріне ерекше көңіл бөлген. «Знамя Советов» совхозында бірінші болып қарт адамдар мен мүгедектерге үй салынды, Мәдениет үйі, мектеп, кітап дүкені салынып бітірілді. Ауылға көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

            Слесарчук Иван Ильич жоғары үкімет наградаларымен: Ленин Орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен, және тағы екі әскери «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Отан соғысы орденімен марапатталған. Иван Ильичке «Қаз. КСР-ның еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері» атағы берілді.



__________________________________________________________________________________


       Зюков Николай Ананьевич – 1921жылдың маусым айының 13 күні Орынбор облысы, Городище ауылында орта-шаруа отбасында туған. Соғыстан кейін, 1953 жылы ауыл шаруашылық техникумын өте жақсы бағамен бітіріп, сол жылы Орынбор ауыл шаруашылық институтына түседі. 1959 жылы бітіреді. 1958 жылдың наурыз айында өз еркімен Қостанай облысына тың жерлерді игеруге келеді. Маяковский атындағы совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеді. Ал 1964 жылдың қараша айында Таран ауданының Набережный совхозына директор қызметі ұсынылды. Бұл қызметінде 1981 жылға дейін жұмыс істеді. Зюковтың қызмет істеген жылдар ішінде совхоз қарапайымнан тұқымды совхозға айналды, ал сонан соң  қара-ала мал тұқымды заводына айналды. Облыстық партия комитеті бюросының шешімі бойынша совхозға «Жоғары шаруашылық дақылдар совхозы» деген атақ берілді. Экономиканың даму жетістіктері үшін совхоз 4 рет Бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктер көрмесіне қатысты.

Шаруашылық экономикасын жетілдірудегі жетістіктері үшін Зюков Николай Ананьевич «Қажырлы еңбек үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» орденімен,  «Қызыл Еңбек Ту» орденімен, «Қазан революциясы»  орденімен марапатталған. 1975 жылы «Қазақстанның  еңбек сіңген зоотехнигі» атағы берілді.



 


















































































































































































































            



    

































© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"