Highslide JS
1.
Highslide JS
2.
Highslide JS
3.
Highslide JS
4.
Highslide JS
5.
Highslide JS
6.
Highslide JS
7.
Highslide JS
8.
Highslide JS
9.
Highslide JS
10.
Highslide JS
11.
Highslide JS
12.
Highslide JS
13.
Highslide JS
14.
Highslide JS
15.
Highslide JS
16.
Басты
Конақтарға
Экспозициялар
Тізімдемелер
Жарнама
Жаңалыктар
Біздің қызметтер
Аќпарат
Біздің қарым- қатынастарымыз
Кері байланыс

ЌР мемлекеттік рјміздері

 


Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Besucherzahler mail order brides
счетчик посещений


http://mfa.gov.kz/index.php/kz/component/content/article/8-material-aza/6142-aza-stan-ly-dala-eli




Мұражай қоймасы / Арнайы коллекциялар / Аңыз болған кісілер
2015-03-11 16:44:00



 


Сапар Ерғалиұлы 1914 жылы 1 тамызда Торғай облысы Торғай ауданы Қоржынкөл  ауылында туған. Жасынан еңбек етуді үйренген, жұмысқа шаршағандығын сезбей; мал бағып, пішенді орып,  мал азығын сиырмен немесе өгіздермен тасып жеткізді. Бұл жауапты, адал ниетімен жұмыс істейтін, қай іске кіріссе де, барлық жұмыста байсалдылықпен, енбекқорлықпен ерекшеленген. Осы дарынды жігітке ұсыныс жасалып, учаскелік зоотехник етіп тағайындалған. Ауыл шаруашылық білімін алды. Мал шаруашылығындағы барлық жұмыс қолмен істелінетін. Сол жылдары, малды асыл тұқымдастыру жұмысын бастады.Ол ең өнімді асыл тұқымды малды іріктеп, мал азығының рационын құрастыруды және дайындауды, малды күтуге басты назар аударуды қатаң талап етті. Төрт жыл маңдай терін төгіп істеген еңбегінің жемісі  лайықты   бағаланды. 1938 жылы КСРО ауылшаруашылығы өнiмінiң жақсы өндiрушiлерiмен бiрге Бүкiлодақтық көрмеге қатысу үшiн ұсынылды. 1943 – 1944 жылдары Таран ауданының «Жалшы» ұжымшарын басқарды.

3 Ақырында Таран ауданының ауылшаруашылық кәсiпорындары қатарының жетекшiсi және Қостанай аудандарының, Таран аудандық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары лауазымы міндетін атқарды. 1959 – 1987 жылдары Таран ауданының Вачасов атындағы кеңшарының тұрақты басшысы қызметін атқарды. Оны зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиындағы өз сөзінде: «Өмiр бойы, ар- абыройымды аттамай жұмыс iстедiм, Вачасов атындағы кеңшарына қанша жыл толса, сонша жыл менің еңбек өтілім» - деді С. Е. Ергалиев . Ол директор лауазымында жұмыс iстеген жылдары әр түрлi деңгейдегі лайықты мамандар мен  жетекшiлердi өсiрiп, тәрбиеледi.

            Өзі аянбай істеген еңбегі, істі жетік білуімен, сергектік және зор талапкершілігімен,  ол Таран жерлестерінің арасында ғана емес, облыстық және республика активінің алдында өз еңбегіне лайық абырой және үлкен құрметке ие болды.

            Ауылшаруашылық өндiрiсiнің дамуына зор үлес қосқан  С. Е. Ерғалиев «Қазақстанның ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» құрмет атағына ие болды, марапатына лайықты, Ленин, Қазан төңкерiсі және үш  Еңбек Қызыл туы ордендерiмен марапатталды.  

1996 жылы    11 наурызда қайтыс болды.

Кеңес дәуірі кезінде біздің аймақ «кеңшарлық мемлекет» деп аталған. Осы жерде ауылшаруашылық өңдірісінің бір қатар командирлері қызмет етті. Солардың бірі  Вачасов атындағы кеңшарының директоры Сапар Ерғалиұлы Ерғалиев болатын. Ол республика көлемінде белгілі, құрметті адам.

Оның қажырлы еңбегі үшін және абыройын қадірлеген кісілер, құрметтеп «Біздің Сәке» деп атаған. Оның үйiнің қақпасында:«Бұл үйде Республиканың ауылшаруашылығына еңбегі сіңген, Ленин, Еңбек Қызыл ту, ордендерінің иегерi, Павловка ауылының құрметтi азаматы Сапар Ерғалиев өмiр сүрдi» деген жазуы бар тақтайша iлiнген.

            Бұл кісіні аудан жұртшылығы тынымсыз еңбегі, жұмысқа қабілеттілігі үшін құрметтейді.  Қазақ ұлттық ойындарында жеңімпазды анықтау үшін, ат бәйгесі сияқты ірі түрлі жарыстарда төреші болып қатыстқан. Онымен қазақ ұлттық мерекелері және дәстүрлерін өткізуде ақылдасқан.

            Сапар Ерғалиұлы - Қаз.ССР, Ауылшаруашылыққа  еңбегi сіңген қызметкер атағына ие  болды, бұл атақ оған 1970 жылы берілген.

            1957, 1966, 1981 жылдары берілген Үш Еңбек Қызыл туы ордендері  , Вачасов атындағы кеңшарының ұжымының және оның директоры С.Е.Ерғалиевтың зор еңбегін лайықты бағаланғанының дәлелі.

      1971 жылы В.И.Ленин орденімен марапатталды. Бұдан басқа Қазан төңкерiсінiң орденiмен марапатталды. , «Қажырлы еңбек» медальмен «В.И.Ленин 100 жасқа толу мерейтойының құрметі», медальімен «1941-1945 жылдары Германияны Ұлы Отан соғысындағы жеңісі» медальімен, сонымен бiрге «Тың жерлерін игергенi үшін»  медальмен марапатталды.

2014 жылы 1 тамыз күні ауылшаруашылыққа  еңбегi сіңген қызметкері 100 жылға келді. 2014 жылы жаз кезінде Сапар Ерғалиұлы Ерғалиевтің 100-жылдығына арналған атты – спорт жарыс  өткізілген. Осы мерейтойна қарсы Б. Майлин атыңдағы Таран тарихи-өлкетану мұражаймен С. Ерғалиевке арналған «Халықпен танылған ер» дап аталған тақырыбында көрме жасалған.

________________________________________________________________________________




 Елубай Өмірзақов қазақ кеңес актері, домбырашы-әнші, киноактер 1899 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Ақтөбе ауылында туған. Ұлттық профессионалдық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі (1931). 1923-1925 жылдары Орынбордағы қазақтың халық ағарту институтында оқып білім алды. Кедей шаруаның отбасында туған. Шешесі ерте қайтыс болып, әкесі Өмірзақовтың қолында тәрбиеленді. Е.Өмірзақов кедей әкеге көмектесу мақсатымен еңбек майданына да ерте араласты.

Болашақ актер талантының ұшқынын алғаш танып ұштаған, әрі оны оқу-сызуға үйреткен  - сол кездері (1914) ауыл ұстазы болған, жазушы-драматург Б.Майлин. Ауыл сахнасында Б.Майлиннің ұйымдастырып қойған «Қаламқас» спектаклінде ару Қаламқастың да, одан кейін соны сағынған жас жігіт Шапайдың да рөлін қоса қабат орындап, жергілікті көрермендердің көңілінен шықты. Ауыл-ауылдың арасында сыршыл-сықақшыл, күлдіргі ән-жырымен танылған Е.Өмірзақов сол кездегі репертуарын халық дастандарының інжу-маржан үлгілерімен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды», «Ер Тарғын», және т.б. толықтырып отырды.

1931 жылы Ж.Шанинмен қатар Е.Өмірзақов театрдың 5 жылдық мерекесіне байланысты республиканың тұңғыш халық әртісі атағына ие болды. Қазіргі Қазақтың опера және балет театрын (1934) ұйымдастырушылардың бірі болумен қатар, оның «Айман-Шолпан», «Жалбыр» сияқты музыкалық спектакльдерде халық өкілі, тапқыр Жарас пен күзетші Қайрақбайдың рөлін орындады.

1930-1940 жылдары тек қана драма театрында ойнап қоймайды, ол радио мен филармонияға, эстрадалық концерттер мен кино өнерінің дамуына қызу ат салысып, табиғи талантының әр қырынан танылды.

Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Е.Өмірзақов әйгілі халық батыры Аманкелдінің бейнесін зор шеберлікпен мүсіндеді. Ол – қазақ сахнасында В.И.Лениннің сахналық тұлғасын тұңғыш рет жасаған актер.

КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1952) мен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Ленин ордені, Октябрь Революциясы орденімен марапатталған.

__________________________________________________________________________________



Аты аңызға айналған Жабағы батыр - 18 ғасырда өмір сүрген. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Қыпшақ даласына ат қойып келген қалмақтардың үлкен тобы Жабағы батырдың ауылының дәл іргесінде ажал табады. Жасанып келген жауға қарсы қайрат қылып, қойдай қырса да, бұл шақта шау тартып қалған батырдың астындағы атына оқ тиіп мертігіп, аттан құлап түскен батыр жаяу соғысып, қылыштасып жүргенде ту сыртынан атылған оқтан жаралы болады. Бұл жарадан сау қалмасын білген қолбасшы сонда жұртын жиіп: «атаңа нәлет қалмақтың өліктерін сасытпай, үлкен шұңқыр қазып, бәрін бір жерге көміңдер, ал күні ертең мен ол дүниелік болып кетсем, сол шұнқырдың үстіне оба үйіп, төбеге өзімді жерлеңдер, ата жауымыз тіріліп кетіп жүрмесін, үстерінен басып жатайын» - десе керек. Батыр бабаларының өсиетін ұрпақтары бұлжытпай орындаған.

Жазықтағы жалғыз төбенің қолдан үйілгеніне күмән келтіру қиын. Батыр зираты шынында да қарауыл төбеге ұқсайды. Жабағы батыр елдің шетінде, желдің өтінде жастыққа жантайып жатқандай.

__________________________________________________________________________________




Омар Дощанов

(1857-1918 ж.ж.)


 

            Омар Дощанов 1857 жылы дүниеге келген, отбасында Омар жалғыз ұл бала болатын. Омардың әкесі кәрі Дощан ұлының оқығаның қалап және кездесулер кезінде қартқа ұнап қалған Ибрай Алтынсарин сияқты мұғалім болғанын армандайтын. Омар әкесінің досымен бірге Троицк қаласына оқуға кетті.

            Орыс – қазақ мектепті бітірген соң туған ауылына оралып болыс (бұрынғы әкімшілік бөлімі) жазушы болып қызмет етті. Омар өз болысының ауылдарына жие-жие баратын және байларға өкпетілі адамдарды көрген. Ол әрқашанда түсінуге және ренжітілген адамдарды қорғауға тырысты. Халық арасында кедейлердің қорғаушысы сияқты ол туралы - даңқ шықты. Байлар, молдалар, төрелер Омарға қарсы бүлік көтерді. Қостанай уезін тастап кетуге мәжбүр болды. Сол уақыттың ішінде көптеген нәрсе көріп, бірақ та бұрынғыдай батылдықпен кедейлерді қорғаштады.

            Бір күні ол жас әйелге болысты, оның жұбайы атақты бай, жұбайына күшіктерді омырауымен емізуге мәжбүрлеген. «Шариатты қорлау үшін..., отбасының ішкі істеріне араласу үшін», патшалық сотымен он жеті жастағы Омар 25 жылға Сібірге каторгаға жер аударды.

            Ол каторганың көптеген жерлерінде болып, көптеген қайғы-мұн көрген. Бірақ та Сібірде көптеген жақсы адамдарды кездестірді. Онда ол басты жау – патша, оған қарсы күресу керек екенің түсініпті. 1896 жылы Дощанов Сібірден туған ауылға қайтып келді. Халық оны Сібірлік Омар деп солай ат қойды. Тұрақты бақылауға қарамастан, бұрынғыдай кедейдің қорғаушысы болды. Ал Қостанай ауылдарында ақындар халықтың оң ісіне өз өмірін берген Омарды жырлады. 1912 жылы Дощановті «Барлық Ресейдің императорын қорғағаны үшін» қайтадан төрмеге қамады. Оны Ақапан төнкерісі босатты. Омар большевиктерге қосылды. Қазан төнкерісі жеңігенде, Дощановқа 60 жаста болатын, бірақ та ол жастық жігерілікпен төнкеріс қызметіне белсенді қатысты. Кеңестердің бірінші уездінің съезінде ол атқару комитетінің мүшесі және төнкеріс сотының төрағасы ретінде сайланды. 1918 жылы ақгвардияшылар Қостанай қаласын басып алды. Тараннан бастап барлық уездін атқару комитеті қамауға алынды. Омар ұсталды. Оны қол-аяғы байланған күйінде Қостанайға жеткізді. Қонай мен Ортанбайсай сайларының арасында айуандықпен атып өлтірді.

Өлімді Омар Дощанов батылдықпен қарсы алды. «Өлтіріңдер, шибөрілер! Халықты өлтіре алмайсындар. Ол өзінікін алады» - деп баскесерлерінің бетіне айтып салды. Достары оны туған ауылында жерледі. Он жылдар өтті, бірақ та Омар Дощановтың есімі халықтың  аузында. Оның есімі дастандарда, әңгімелерде, өлеңдерде және суреттерде. Оның есімімен қаладағы және ауылдағы көшелер аталған. Қаза тапқан жерінде және батырдың бейітінде ескерткіштер асқақтайды. Біздің ауданымызда көптеген жылдары совхоздардың бірі Омар Дощанов атында болған.











© 2013 Тарановский историко-краеведческий музей имени Б. Майлина, Email: taran_musey@mail.ru
Created by webStudio "DesignKit 888"