20.04.2024 12:07

Жарияланды: 16.12.2018

0

Пирог Сергей Харитонович 1929 жылы 19 тамызда Чернигов облысының Плиски қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолы басталды. Әскерден кейін Плиски қаласындағы паравоз-вагонды жөндеу зауытында слесарь болып жұмыс істеді. 1955 жылы Қазақстанға тың игеруге келді. Сол жылы сәуір айының соңында Көкшетау облысы Бармашина ауылының ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесіне кең бейінді тракторист-машинист мамандығы бойынша слесарь біліктілігімен оқуға түседі. Ауданда еңбек жолы Викторовка МТС-нан басталды. Тракторшы болып жұмыс істеп, болашақ егін жинау үшін бос жерлерді ашты. 1956 жылдың желтоқсанында “Қазақстанның үздік комбайншысы” куәлігімен, 1957 жылдың тамызында “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалімен марапатталды. 1966 жылы “Рассвет” совхозында жұмыс істеді, кейін оны №1 бөлімше бригадирінің көмекшісі етіп ауыстырды. 1974 жылы Сергей Харитонович “1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы” белгісімен марапатталды. Таран ауданының Құрмет Кітабына енгізілген. Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің хатшысы А.Бородиннің алғыс хаты, бірқатар мерекелік медальдары бар.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 782
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 782
Барлық келушілер – 0