29.03.2024 20:49

Жарияланды: 16.12.2018

0

Минкин Михаил Андреевич 1913 жылы 13 қарашада Рязань губерниясының Скопин қаласында дүниеге келген. 1914 жылы Отбасы Қостанай облысы, Таран ауданына көшіп келді. 30-жылдары “Чкалов атындағы” колхозында тракторшы болып жұмыс істеді. Соғыс жылдары 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста қызмет етті, 1943 жылы Сталинград түбінде соғысты. Жеңісті Дрезден қаласында қарсы алды. Жауынгерлік наградалары бар. Соғыстан кейін туған ұжымшарына оралып, трактордың штурвалына отырды. Бұрын-соңды болмаған өнімі үшін 1956 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен “Еңбек Қызыл Ту”орденімен марапатталды. Жақсы көрсеткіштері үшін 1957 жылдың мамыр айында Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, бірінші рет ВСХВ бас комитетінің медалімен марапатталды. Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін 1975 жылдың қыркүйегінде “Еңбек ардагері”медалімен марапатталды. Жұмыс істеген кезеңінде жергілікті кеңестің депутаты болып сайланды.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 892
Пайдаланушылар – 1
Қонақтар – 891
Барлық келушілер – 0