25.04.2024 23:32

Жарияланды: 16.12.2018

0

Горбань Николай Федорович 1940 жылы 1 қаңтарда Таран ауданы Қызыл-Жар ауылында дүниеге келген. Білім алып, Қостанай педагогикалық институтына, кейін Свердлов институтына математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түсті. Еңбек жолын 1959 жылы Киров жеті жылдық мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1964-1966 жылдары Приозерный орта мектебінде мұғалім, кейін директор болып жұмыс істеді. 1980 жылы Таран аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, кейіннен Таран аудандық партия комитетінің партия комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді. 1996 жылдан Таран ауданы әкімі әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. Аудандық білім бөліміне 2000 жылы ауысты.

Жұмыс істеген жылдары Таран ауданының депутаты болып сайланды, жұмысшы бақылау инспекциясының мүшесі болды. Марапаттары: “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл”, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл”.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өміріне белсене қатысқаны үшін “АТА” медалімен және “Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері” төсбелгісімен марапатталған.

 

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 45
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 45
Барлық келушілер – 0