23.08.2019 13:04

Опубликовано : 15 December 2018

0

Берлин Дмитрий Иванович 1904 жылы 6 ақпанда Полтав губерниясының Ряская волосының Усть – Ляпинка ауылында кедей – шаруа отбасында дүуниеге келген. 1916 жылы бір уақытта әкесі мен анасы (тифтан) қайтыс болған. Сол уақыттан бастап Дмитрийдің еңбек өмірі басталды. Үлкен апасы Анастасия, оның асырауына қалған бес бала, оларды асырауға күші болмады. 1916 жылы ата-анасы қайтыс болған соң, он екі жастағы Диманы туыстары Қостанай облысының Федоров ауданына алып кетті.

1926 жылы Қызыл Әскердің қатарына шақырды, полктік мектебін бітіріп әскерден босатылғаннан кейін жеке Қызыл туу Кавалерия эскадронның Үшінші Түркістан дивизиясы командирінің көмекшісі болды.

1931 жылдан бастап Қостанай облысының Федоров ауданының Арал ауыл кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

– «Осында кулактар бу жармалауды бар болған, әрқайсысында жүзден астам мезгілдік жұмысшылары бар болды, Совет өкіметіне қатал қарсылықты көрсеткен, кулактар активисттерге, колхоздың кеңсесіне атқан. Осындай күндердін біреуінде мен кулактар қарсылықты көрсеткен колхозға жедел шықтым, сол жерді қоршауға алып, екі адамды ұстап алдық, қалғандары көлге, қамысқа қашты. Ал үйіме қайтып келе жатқанда мені бір топ кулактар қоршауға ала бастады, бірақ менде қару болып, амансау Аральский ауылыма жеттім…».

1938 жылы Қазақстанның Обаған аудандық комитет партиясы хатшысыныңғ қызметіне тағайындалды. 1945 жылдан бастап 1948 жылға дейін Қазақстанның КП Қостанай аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті.

1949 жылдан 1957 жылға дейін Таран аудандық комитетінің бірінші хатшысы ретінде қызмет етті және сол жылдары ауданда тың және тыңайған жерлерді меңгерудің шаруашылық және саяси міндетпен игере алатын өте жақсы кісілер өскен. Жан-жақтан мыңнан астам қоныстанушылар, әсіресе жастар келді. Тұрғын үйлермен, тамақтану, сауда-саттықпен, құрылыс пен қиыншылықтар аз болған жоқ.

Д. И. Берлинның естеліктен: «Ауданға көптеген механизаторлар тағы басқа мамандар мен қарапайым адамдар, көбісі отбасыларымен келді, олардың барлықтарын орналастырып, жұмыспен қамту, қажет жағдайларды жасау керек болды. Ауданға көптеген техника келіп, оны қабыл алып құрылып жатқан совхоздарға жеткізу керек болған. Бұл бәрі үлкен қиыншылықпен байланыс болған. Осының барлығы үлкен қиындықтармен байланысқан болатын. Бірақ та адамдар қиындылықты жеңіп алуға батылдықпен қадам атты және оларды табысты жеңіп алды …».

Оларды жеңіп алуда ауданның партиялық ұйымы адамдарды рухтандырып, қойылған міндеттерге жетуіне бағыттап, оларға қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп және тың наны үшін шайқаста социалистік жарысты басқарды.

1954—1955 жылдарн ішінде Таран ауданының колхоздары мен совхоздары 276 мың гектар тың игерді. 1956 жылғы көктемдік егіс 10 – 15 жұмыс күнінде – қысылған мерзімде аяқталды. Сонымен қатар агротехниканың ережемен қатал сақталды, ал кейін егіске ұқыпты күтү қамтамасыз етілді. Нәтижесінде бай егіс өндіріп алынды. Жоспар бойынша 8,2 центнер, аудан бойынша ортанша бір гектардан 16,8 центнер дән жиналған. Бұл 329 мың гектар ұлан-байтақ алаң болатын. Аудан мемлекет қоймаларына 24,2 миллион пұт нанды салып, дайындау жоспарын 272,1 пайызға орындады.

Ауданда Дмитрий Ивановичтың басшылығымен ең озат пен жақсыны тез қолдап іске кіргізетін. Республикада бірінші біздің ауданымызда колхоздары мен совхоздарды жаппай радиоландырып, мал шаруашылығында көп еңбекті процесстерді механизациялау бойынша жұмыстарды кең жайды, ауданның колхоздарында және совхоздарында Қазақстандағы ең жақсы механикалықтандырылған қырмандар салына бастады. Даралап астықты жинау тәжірибесін зерделеу үшін облыстан бірінші болып тарановшылар Ставропольский аймағына шықты.

КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1957 жылғы 11 қантардағы Жарлығымен Дмитрий Иванович Берлингең Социалисттік еңбек қаһарманы атағы берілді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында Дмитрий Ивановичке – Лениннің ордені мен «Серп и Молот» алтын жұлдызын табыстағанда, ол алдағы уақытта да Отанның игілігі үшін күшті аямай еңбек етуге ант берді. Коммунистың сөзі іспен айырылмады. Кейінгі жылдары Д. И. Берлинге партия қандай да болмасын учаскені сеніп тапсырған болса, ол коммунист ар-ұят айтқандай енбек етті. Ауданының дамуында Дмитрий Ивановичтің есімі шексіз берілген еңбегі мен баға жетпес үлесі үшін өшпес із қалдырдыжасады. Бұл мақсаткерлік, екпінділікке теңелуге болады. Ынталылық пен мақсаттылыққа еңбекқор болатын, қазір әрқайсысымыз теңесуге тұрарлық.

Дмитрий Иванович зейнеткерлікке шыққан сон Одақ маңызындағы дербес зейнеткер болды, бірақ та қоғамдық бастамасында жұмысты жалғастырды. 1980 жылдың 12 тамызында Дмитрий Берлин өмірден озды. Оны Қостанай қалалық моласындағы Батырлар Саяжолында жерледі.

2014 жылғы 6 ақпанында совет партиялық және мемлекеттік қайраткері, Социалистік еңбек Қаһарманына, Қазақ КСР Таран және Қостанай аудандық комитет партиясының бірінші хатшысы Дмитрий Берлинге 110 жыл толды.

2014 жыл бойы Таран мұражайда Д. И. Берлиннің естелігіне арналған фотоқұжаттамалық көрмесі жұмыс істеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *