29.03.2024 16:12

Жарияланды: 16.12.2018

0

Әлімбаев Досымбек Молдахметұлы 1936 жылы 20 шілдеде Қостанай облысы Федоров ауданы “Украинский” совхозында дүниеге келген. 1953 жылы мектепті бітіргеннен кейін Қостанай ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсті. Еңбек жолын 1958 жылы “Ленин атындағы”кеңшар бөлімшесінің зоотехнигі болып бастаған. Бөлімшенің зоотехнигі болып жұмыс істей отырып, Қостанай ауыл шаруашылығы техникумының бухгалтерлік бөлімшесін бітірді және Орджоникидзе ауданының “Приреченский” совхозында МТМ бухгалтері лауазымында жұмыс істеді. 1965 жылы институтқа Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Қостанай филиалының зоотехникалық бөліміне оқуға түсті. Агроном, “Приреченский” кеңшары бөлімшесінің басқарушысы, 1971 жылдан аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Кейіннен ауыл шаруашылық бөлімін басқарды, “Некрасов атындағы” совхозының партбюро хатшысы болып сайланды. 1977 жылдың ақпан айынан бастап Таран аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. Кейіннен “Рассвет” совхозында жемшөп өндірісі бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қажырлы еңбегі мен жоғары көрсеткіштері үшін 1979 жылы ол облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының грамотасымен марапатталды. 1980 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен “Құрмет Белгісі”орденімен марапатталды. Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін “еңбек ардагері” медалімен марапатталған. 2006 жылы «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерінің» “АТА” төсбелгісімен марапатталған.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 39
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 39
Барлық келушілер – 0