28.03.2024 17:35

Жарияланды: 28.07.2020

0

Нысан мерзімі:  қола дәуірі.

Нысанның орналасқан жері: Денисов ауданы, Первомай ауылының жанында.

Археологтар Қамыстыны Орал-Қазақстан даласындағы ежелгі өркениеттің танымал «Қалалар еліне» енгізген. Бұл Қазақстан аумағындағы ежелгі үнді-еуропалық тайпалардың қала мәдениетінің бірегей танымал ескерткіші болып табылады. Қамысты бекіністі қонысына 4 мың жылдан астам уақыт болған. Ресейдің Челябі облысы аумағындағы «Аркаим» тарихи-мәдени қорығына ұқсастығына байланысты ел аузында оны Қазақстан Арқайымы деп атайды. Қамысты Аркаим сияқты күн шеңбері пішінінде тұрғызылған. Бұндай қалаларды күн қалалары деп атайды. Ежелгі қала Қамыстыда екі қорғаныс дуалы, ор, алаң айналасын және нөсер канализациясын қоршаған жапсарлас тұрғын жайлар бар. Археологиялық табылымдарға қарағанда  тұрғындары сауатты, астрономияны жақсы білген. Көптеген ғалымдар Стоунхендж сияқты ежелгі әлемдік танымал ескерткіштер қатарына санап ежелгі обсерватория ретінде есептеген.

Ең алғаш Қамысты ескерткіші 1950-ші жылдарғы аэрофототүсірілімді талдау кезінде табылған. Сол кезде Арқайым мен Қамыстыны байланыстыратын керуен іздері болған. 1990 жылдан бастап танымал археологтар Виктор Логвин және Геннадий Зданович зерттеген.

Поделиться материалом

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Келушілер

Онлайн келушілер – 182
Пайдаланушылар – 0
Қонақтар – 182
Барлық келушілер – 0